Көп ұзамай көптен күткен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз да келеді. Наурыз - жаңару кезеңі. Сол себепті мейрамға дейін
үйіңізді жақсылап тұрып жуып алуға кеңес береміз. Жаңа Жылға жаңарып, тазаланып кіріңіз! Наурызға дайындық тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл мерекеде тарту етілетін сыйлықтардың орны бөлек. Салтымызға сай сыйлықтармен жақындарыңызды қуантқыңыз келеді ме? Ендеше
мына мақаланы оқып, сыйларыңызды ертерек дайындап қойыңыз!
Қазақты қазақ еткен оның салт-дәстүрлері. Біздің әдет-ғұрыптарымыз ерекше өнегелі, ғибратты, әр дәстүрдің өзіндік тарихы мен мағынасы бар. Наурыз мейрамының қарсаңында сол дәстүрлерімізді еске түсірейік. Қазақтың ұлттық
тағамдары,
айтыс өнері,
жылқы тұқымдары, асық ойыны,
қара жорға биі секілді ұлтымызға тән ғұрыптарды ұмытпаңыз. 22 Наурыз қонаққа барып, қонақ күтетін мейрам. "Қонақ келсе, құт келеді" деген қазағым ерекше қонақжай. Қонаққа барғанда салтымызға сай бата бере аласыз ба? Жоқ па? Ендеше соны үйренетін кез келді! Қонаққа ұялмастан барып, төрге жайғасып, ас қайтарып,
бата беріп отырыңыз. Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің бетке ұстар, ерекше саласы. Жырға құмар халқымызға арнап, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған заманауи онлайн Айтыс додасына шақырамыз! Массагеттің форумында белсенді түрде жүріп жатқан
айтыста өз таңбаңды қалдыр! Наурызда табиғаттың барлығы жаңарады. Сіз де осы дүниенің бөлігі болғандықтан, табиғат заңдарына және салттарымызға сай рухани тазарыңыз. Ұрсысқан жандармен татуласып, қарыздарыңызды қайтарып, айтқан уәделеріңізді орындап, жаңа жылға наурыздың күніндей ашық көңілмен аттаңыз.
22 Наурызда
Ұлыстың ұлы күнін дүбірлетіп тойлаңыз! Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, Нарыз көжеге ерекше көңіл бөліңіз. Туыстарға, достарыңызға қонаққа барып, мерекемен құттықтаңыз. Тілектер мен жылы сөздер айтып, Наурыздың шырайлы күнінде жақын жандарыңызға көңіл шуағын сыйлаңыз!