21 ғасырда өмір сүрудің қаншалықты бақыт екенін білемісіз. Әр күн сайын бір нәрсе өзгеріп жатыр, ән күн сайын жаңалықтар ашылуда, ғылым дабыл қағуда, әдебиет масайрауда. Біз бүгін оқырман қауымға осы жүз жылдықтың өмір сүру ережесі мен жаңа қағидаттарын ұсына кеткелі отырмыз.
Ендеше, 21 ғасырдың өмір сүру ережесі және қағидаттары:
* * *
1. Шындап алғанда өзіңе не ұнайды, соны түсін. Бұл ең бастысы әрі ең маңыздысы. Алтын қағида былайша тұжырымдалады - шындап көңіл рахатын сыйлайтын нәрсені жаса, сонда барып қана бақытын арта түседі. Бірақ, өз жолыңды табу - марафон секілді, ондаған жылдарға, тіптен, одан да ұзаққа жалғасуы мүмкін - соның бәріне дайын болуың тиіс.
2. Әр күні ішетін, тамақтанатын, тартатын қоқыстардан бас тартыңыз. Ешқандай жұмбақ айласыз және құйтырқы диеталарсыз - жай ғана табиғи азық-түліктер, жеміс-жидектер, сулар. Шектен тыс вегетарианшыл болып кетудің қажеті жоқ және сусындарға тыйым салу - қант, кофе, алкоголь өнімдерін тыйып тастау.
3. Шет тілдерді меңгеріңіз. Одан әлемдік саналылық қабылдаудың тереңдігі артады және оқу-ғылымға жаңа өріс ашылады, мансапқа жол сілтейді.
4. Кітап оқыңыз. Кәсіби мамандығыңыз төңірегінде, тарих, жаратылыстану, әлеуметтану, психология, биография, сапалы көркем әдебиеттерді аударыстырыңыз. Оқуға уақыт табылмай, көлік тізгінінде жүрмін десеңіз - аудиокітап тыңдаңыз. Күміс ереже - аптасына ең аз дегенде бір кітап оқыңыз, тыңдаңыз. Бұл 50 кітап сенің өміріңді төңкеріп тастайды.
5. Әр демалыс күні маңыздылыққа иек артсын. Мұражайға, көрмеге барыңыз, спортпен айналысыңыз, қаладан шығыңыз, парашютпен секіріңіз, туыстарыңызды аралаңыз, жақсы киноға кіріп шығыңыз. Әлеммен қарым-қатынас кеңістігін созыңыз. Барлығын аралап, көріп білген соң қасыңызға достарды ертіп шығып, білетініңіздің бәрін бөлісіңіз. Бастысы - бір орында отырма. Таңырқаныстар мен таңғалыстарды денеңізден қаншалықты көп өткізсеңіз, соншалықты өмір қызық бола түседі және зат пен құбылыстар жайында жақсы бағамдауларға ие боласыз.
6. Блог немесе күнделік жаза бастаңыз. Әралуан тақырып. Сөз ұсталығы төмен жазбаны 10 адам ғана оқыған болса, уайым емес. Бастысы, сол беттерде ойланып, ой кескіндей аласыз.
7. Мақсат қой. Қағаз бетінде немесе Word-та бағамдалсын. Бастысы, олар нақты, түсінікті, кесіліп-пішілген болсын. Егер мақсат қояр болсаң, онда не жетесің, не жетпейсін. Егер мақсат қоймасаң, онда жету мүмкіндігі мүлдем жоқ.
8. Пернетақтада көзді жұмыс отырып жаза алатындай дәрежеде болыңыз - 21 ғасырда бұл шеберлікке иелік етпеу деген сөз, 20 метр қаламмен жаза алмау деген сөз. Уақыт - қолында бар және аз ғана көп алтынның бірі және қалай тез ойласаң, солай тез басуға үйренуің тиіс. Ал сен тиісті әріптің қай тұста екенін ойланбауың керек, не жазып жатқаныңды ойлауың қажет.
9. Уақытты тізгінде. Уақытың сенің қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтін болсын. Шешімді тез қабылда, баяу қимылдама, "ертеңге" қалдырма. Бар істі не өзін жаса, не өзгеге аудар. Әрқашан доптың сен жақ бөлікте тұрмағанын қадағала. Қағаз бетіне әлі күнге жасалмаған және көп кедергі келтіріп жүрген "көп ойнайтын" істерді түсіріңіз. Олардың керек-керек еместігі туралы ойланып алыңыз. Бірнеше күнде күтіп тұрған істерді де атқарып тастаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жеңіл сезінесіз.
10. Компьютерлік ойындардан бас тарту. Теледидар көретін уақытты қысқарту.
11. Ақпарат оқуды доғар. Бәрібір де басты мәнде айнала төңірек туралы бір қатыссыз мәліметтер беріледі, ал қосымша шулы ақпараттар дұрыс шешім қабылдау қасиетінің артуына алып келмейді.
12. Ерте тұрып үйрен. Парадокстың бар мәні мынада: ерте уақытта кешірек тұрған уақытқа қарағанда көп нәрсе тындырасың. Адамға қалыпты ұйықтап тұруға 7 сағат жетеді (физикалық жаттығу мен жақсы тамақтану орын алған жағдайда).
13. Айналаңызды үлгілі, тәртіпті, әділ, ашық ақылды және табысты адамдармен қоршаңыз. Біз - бұл біздің айналамыз. Не білсек, соның бәрін солардан үйренеміз. Өзін құрметтейтін және бір нәрсеге үйренуге болатын адамдармен көп уақыт өткізіңіз. Өз кезегінде, ашулы, өлімге құштар, кертатпа адамдармен арадағы қарым-қатынас үзілсін.
14. Уақыттың әрбір сәтін және әрбір адамды жаңа бір нәрсе үйренуге пайдаланыңыз. Егер өмір сізді әр саладағы кәсіби маманмен байланыстырар болса, оның жұмысының мағынасы неде екенін, оның мотивациясы қай деңгейде, мақсаты қай тұста екенін түсініп алуға тырыс. Дұрыс сұрақ қоя білуге үйрен - тіпті, таксист ақпарат таратудың теңдессіз көзі болып шығуы мүмкін.
15. Саяхат жасауды баста. Аргентина, Жаңа Зеландияға ақша табылмай жатса, қайғырмаңыз - демалыстың сапасы жұмсалған қаржымен есептелмейді, және ең дұрысы еш айырмалана қоймайтын аудандар мен елді-мекендерге саяхат жасаған дұрыс болмақ. Әлемнің түрленгенін, әртүрлі кеңістіктегі тынысын көргенде, айнала қоршаған тар кеңістіктен бой шығарған тұста салқынқанды, салмақты, ақылдырақ бола түсесің.
16. Фотоаппарат сатып ал (ең арзаны болса да бола береді). Әлемнің сұлулығын аулап алуға тырыс. Қолыңнан келіп жаста, ертең үйге барғанда саяхаттың қызық-шыжығы шаршатқан күйінде ғана емес, сонымен бірге өзіңмен бірге алып қайтқан фотосуреттермен де өлшенеді. Таңдау болсын десеңіз, сурет салуға, би билеуге, ән айтуға, жобалауға үйреніп алыңыз. Бұл дегеніміз, әлемге басқаша көзқараспен қарауға итермелейтін істерді жасау деген сөз.
17. Спортпен айналыс. Фитнес-клубқа бару қажет емес (бұлшықетті ерлер мен бөкселі қыз-келіншектер жүретін орталық). Йога, тауға өрмелеу, велосипед, турник, брусья, футбол, жүгіру, плиометрика, жүзу, функциональды жаттығулар - дене сымбаттылығын арттыруға көмектесетін және эндорфиндердің әсіре-қызыл жарқылын алуға жәрдемдесетін адамның ең үздік достары. Лифт деген нәрсені ұмыт - егер 10 қабатты жаяу жүруге тиіс болсаң, аяқты пайдалан. Бар-жоғы 3 айдың ішінде әдістемелік еңбектің арқасында дене сымбатыңды тани алмастай өзгертуге болады.
18. Ерекше қылықтар жаса. Ешқашан болып көрмеген жерге бар, жұмысқа басқа жолмен бар, ешнәрсесін біліп болмайтын проблемаларды шешіп көр. Өзіңнің "Рахат аумағыңнан "шық та, білім-танымыңды және көзқарасыңды кеңейт. Үйдегі жиһаздардың орнын ауыстыр (бір жылда бір рет ауыстырып тұру), сырт тұлғаңды, шаш үлгіңді, қасиетіңді өзгерт.
19. Қаржылық басқару. Әр сайын табысыңның бір бөлігін салымға салып тұр, өйткені, бай адам болу дегеніміз көп ақша табатын адам емес, көп салым салатын адам. Шығындарды басқарып, кірістерді есепте. Егер сен алдыңа қаржылық мақсат қояр болсаң, онда жетістікке жетер жолдың еш қиындықсыз еңсеріліп жатқанын көресің.
20. Күл қоқыстан һәм керек емес нәрселердан құтыл. Соңғы жылдары мүлдем пайдаланбаған немесе кәдеге аспаған заттарды лақтырып таста (кейін керек болып қалып жатса да...). Өзіңе шындап ұнайтын және қажетті нәрселерді қалдыр. Тастай салу өкінішті - таратып жібер. Жаңа зат сатып алған жағдайда, баланс сақталуы үшін ескісінен құтыл. Заттардың аздығы - аз шаң мен аз бас ауыртпалығы.
21. Аз ал, көп бер. Тәжірибеңмен, біліміңмен, идеяңмен бөліс. Алып қана қоймай, сонымен қатар беретін адамға кісі баласы жақын келеді. Мүмкін, сен өзгелер қатты үйренгісі келіп жүрген нәрсені жасай алатын шығарсың.
22. Әлем қандай болса, сол қалпында қабылда. Позитивті ойларға беріл.
23. Өткен күн туралы ұмыт. Оның сенің болашағыңа еш қатысы жоқ. Сол күндерден тек тәжірибе, білім, жақсы қарым-қатынас және шартты таңырқаныстарды алатын бол.
24. Қорықпа. Алынбайтын қамал жоқ, және бар күдік баста ғана өмір сүреді. Жауынгер болудың қажеті шамалы, мақсатты көре білетін, қиындықтарды еңсеретін және еш сәтсіздікке ұшырамастан жетем деген үміт болғаны дұрыс.
25. Соңғысы, алғашқысы. Өзіңе не ұнайды, соны жаса. Оқу. Оқы. Дамы. Іштей өзіңді өзгерт.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: aif.ru zaman.com.tr