Капитан, теңізші және орай

Теңізде бір теңізші капитанымен қызарақтасып қалыпты. Капитан ашуланып, ол теңізшіні кемеден қуып жіберіпті. Бұл кезде жаға әлі алыста екен. Теңізші бір қайыққа отырып компас бойынша белгілеп алған жағаға қарай жүзіпті. Ол жол бойы талай нәрселерді ойлапты. Өзінің бостан-босқа жұмыстан айырылып қалғанына іші ашыпты. Біраздан кейін теңіз бетінде толқын көтеріліп, оның қайығын аударып жіберіпті, ол жағаға қарай жүзіпті. Толқынмен жағаласып кейде шөгіпті, кейде су бетінде қалқыпты, әне сондай шөгулердің бірінде кенеттен теңіз астынан бір нәрсені байқапты. Сол замат оған мынадай ой келіпті: «Суға шөккенде барып оны алып көрейін, не өлермін, не көрермін». Ол қайраттана теңіз астына шөгіп әлгі нәрсені алып қараса, керемет үлкен гауһар екен. Ол гауһарды алып су бетіне қарай өрлепті. Арт-артынан ұрылған толқындар оны алға жылжытып жағаға шығарып тастапты. Ол сол гауһармен үлкен байға айналып, адамдар онымен сәлемдесуге келетін болыпты. Ол терең ойланып: «Мен алдымен капитанға рақмет айтамын, егер ол қумағанда маған ондай теңізде жүзу орайы болмас еді. Онан соң толқындарға рақмет айтамын. Толқындардың соққысы болмаса, теңіз астына шөкпеген болар едім, әрі гауһарға да ие бола алмас едім, мен орайдың не екенін білдім. Орай – кемеден қуылып кету екен»,-дейтін болыпты.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pedaily.cn