Құрметті оқырман, естеріңізде болса, біз заман ағымына орай шыққан жаңа мамандықтар туралы жазғанбыз. Ендігі кезекте, яғни 2020 жылға дейін жоғалып бітетін мамандықтар жайлы ақпар бергенді жөн көрдік.
Технологиялық процесстер бір орында тұрмайтыны белгілі – жыл сайын жаңа инженерлік жүйелер шығып, ескілер қайта құрастыруға кетіп жатыр. Адамның өмір сүруіне жыл сайын мінсіз техника өмірге келеді, кетеді. Дәл осындай белсенді өзгерістер кезінде адамзат кейбір мамандықтарды «ұмытуға» тура келеді. Және заман ағымына ешкім де қарсы келеді алмайды...
Стратегиялық бастамалар агенттігі (АСИ) еңбек нарығын сараптай отырып, келер онжылдықта жоғалып кететін мамандықтардың тізімін жасапты.
Ендеше, 2020 жылы «өлетін» мамандықтар тізімін ұсынайық:
Кітапханашы
Кітапханашы, құжат толтырушы, мұрағатпен жұмыс істейтін мамандықтар интернеттің келуіне, дамуына байланысты жоқ болуға айналады. Интернет арқылы адамзат баласы жер бетіндегі қандай да бір нүктесінен жылдам хабар ала алатын болды.
Копирайтер
2020 жылға дейін дәл қазіргідей копирайтерлер саны көп болмайды. Сарапшылардың айтуынша, мәтіндік базаға жалғанған компьютерлік заманауи бағдарламалар белгілі бір жанрларда мақала-жазбаларды көруге, іздеп табуға мүмкіндік береді.
Турагент
Жыл сайын демалушы жұрт турагенттерге артық ақша бергенше өз уақытын тиімді пайдаланып, қонақ үйлерді жеке түрде жалдап, тіпті қай ұшаққа билет алу керектігін біліп алды. Оның үстіне мұның бәрін де интернет арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Бұл жағдай турагенттіктердің беретін салығынан құтылуына сеп болып отыр.
Стенографшы
Заманауи технологиялар дауысты өз бетінше танып, әңгіменің мәтіндік нұсқасын автоматты түрде жаза алатын болды. Осы себепті де, сарапшылар, келер үш жылдың ішінде стенографшы еңбегінің маңызын жоғалтпақ дейді.
Лектор
Техникалық үдеріс лекторларға да қауіпті. Қандай да бір пайдалы ақпаратты интернеттен алуға болады. Оны қойсаңыз, әлемнің үздік ЖОО-лары қазіргі таңның өзінде онлайн-курстарын жарыса ұсынып жатыр (кейде тіпті тегін!). Айтпақшы, агенттіктің хабарлауынша, лекцияларды дыбыс жазу құралдарына жазып отыру тыңдаушыларға мотивация болмағандықтан зиян болуы мүмкін дегенді де айтып отыр.
Пошташы
Хат алмасу жаңа ғасырдың басынан-ақвиртуалды қалыпқа енді. Интернет арқылы қазіргі кезде дер кезінде хат алмасуға мүмкіндік туды. Тіпті сурет пен құжаттарды ғаламдық желі арқылы тасымалдауға мүмкіндік бар. Ал дәстүрлі хат жолдау ісін қазірде логистикалық агенттіктер атқаруда. Бірақ мамандар пошташы мамандығы болашақта да болуы мүмкін, бірақ олардың саны күрт азаяды дейді.
Лифтер
Лифтті жөндеу және қызмет көрсету жүйесі жыл өткен сайын автоматтандырылуда. Таяу болашақта лифтінің басқару жүйесі толықтай компьютер жүйесіне айналатын болады екен.
Call-орталықтар операторы
Әрбір мекеме немесе компания болсын, онда телефон соққан адамға бірінші кезекте автожауапбергішпен «сөйлесуге» тура келеді. Мәселен, осы жүйе арқылы түрлі операцияларды автоматты түрде орындай беруге болатын болса оператордың қандай көмегі керек болсын?
Билет сатушы маман
Билет сатушы маманға деген сұраныс автоматтандырылған сканерлер келуіне орай 2018 жылы түбегейлі жоғалып кетпек. Тіпті олар ұшаққа отырғызу маманын да, театрға кіру билетін тексеретін маманды да шеттетпек екен. Мұндай сканерлер жол бекеттеріне, әуежайларда, кинотеатрларда, спорт кешендерінде және тағы да басқа жерлерге қондырылмақ екен.
Тігінші
3D-басу аппараттарының арзан түрлерінің өзі бүгінде адамдарға өз киімін өздері тігіп алуға мүмкіндік жасап отыр. Аяқ киімді де дәл осылай тігуге болады-мыс. Жаңа технология тігін фабрикаларының жаппай жабылуына сеп болуы әбден мүмкін. Ал мамандар бұл мамандықтың жойылмайтыны, азайса да олар тек ең қымбат делінген киімдер дайындауға керек болатынын ескертеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: yvision.kz, yaplakal.com