2014: Жұлдыз жорамал

2014: Жұлдыз жорамал

Назарларыңызға 30.06.2014 - 07.07.2014 уақыт аралығына арналған жұлдыз жорамал ұсынамыз:

  Тоқты. Сын мен өміріңіздегі келеңсіз оқиғалардан аулақ жүру үшін бар күш-жігеріңізді жұмысқа бағыттағаныңыз жөн. Кейбір сұрақтарға қатысты қателіктер туындауы мүмкін, оларды ретке келтіріп үйреніңіз. Айналаңыздағылардың кемшілігіне түсіністікпен қараңыз. Сәрсенбінің сәтті күнінде жақсы хабар күтіңіз. Ал жұма күні қиындықтарыңызды жеңуге достарыңыз көмектеседі.
     
   

Торпақ. Жоспарларыңызды аптаның ортасында жүзеге асыра бастаңыз. Бейсенбі күні міндетті түрде достарыңыздың көмегі қажет болады. Ал жұма аяқталмай қалған істерге арналса, жексенбі - шығармашылықтың ерекше түрімен айналысу үшін қолайлы күн.

     
   

Егіздер. Алдағы аптада үлкен жетістікке қол жеткізіп, ойға алғаныңыздың барлығын орындайсыз. Сейсенбі сізден жауапкершілік пен тың ойды күтеді. Ал сәрсенбідегі ақша қиындығының шешілуі серігіңізге қаншалықты сенім артатындығыңызбен байланысты. Жексенбі күні болатын ұрыс-керісті ушықтырмауға тырысыңыз. Ушықтырған жағдайда жағымсыз салдары көпке дейін жалғасуы мүмкін.

     
   

Шаян. Өзіңіздің артықшылықтарыңызды бағалап, оны өзгелердің де байқауына мүмкіндік беріңіз. Жеке өмір мен мансап жолында өзгеріс болады. Нәтижесі оң болмауы мүмкін болғандықтан, жоспарлардан бас тартыңыз. Бейсенбі қиындыққа қатысты мәселенің өзі шешілгенін қаласаңыз, пікір-таласқа араласпаңыз. Ал сенбі қонақ күту үшін таптырмас күн.  

     
   

Арыстан. Өзіңіз аңсаған нәтижеге жету үшін аптаның алғашқы күндерінде бар күшіңізді салып еңбектенуіңіз қажет. Бастығыңызбен тіл табысып, өзіңіздің түйсігіңізге сенер болсаңыз, қызметіңіз жоғарылайды. Сіздің күткеніңіздей болмайтындықтан, бейсенбі, жұма күндері іс сапардан бас тартқаныңыз жөн. Демалыс күндерін жақындарыңыздың ортасында өткізуге тырысыңыз.

     
   

Бикеш. Көптен бері шетке ысырып жүрген жұмысыңызды осы аптада қолға алыңыз. Сейсенбі күні үлкен жұмыс күтіп тұр. Сәрсенбі бастықпен сөзіңіз жарасып, алдыңыздан көп мүмкіндіктердің есігі ашылады. Жұма күні қатты шаршайтындықтан, сенбі күні достарыңызбен серуендеуге тырысыңыз.

     
   

Таразы. Жұмыста қызметіңіз жоғарыламаса да, шығармашылық белсенділігіңіз артады. Кей серіктестеріңіздің адалдығын тексеріңіз. Осы апта киіміңізді жаңарту үшін қолайлы уақыт.

     
   

Сарышаян. Ағысқа қарсы жүзуге тырыспаңыз. Бұл аптада жалғыз қалуды талап ететін шығармашылық жұмыстармен айналысуыңызға болады. Ескі жұмыстарды бітірмей жатып, жаңасына кіріспеңіз.

     
   

Мерген. Алдыдағы аптада әбден жолыңыз болады. Бұрын-соңды қиын болып көрінген жұмыстарды еш қиындықсыз шешесіз. Қарқынды жұмысыңызды байқаған айналадағылар сізге жұмыс артуы мүмкін. Олардан дер кезінде бас тартып үлгеріңіз. Бар уақытыңызды жұмысқа ғана арнамай, жеке өміріңізбен де айналысыңыз.

     
   

Тауешкі. Бастығыңызбен жақындаса түскіңіз келсе, бойыңызға деген сенімділікті арттырыңыз. Сейсенбі және сәрсенбі күндері уақытыңызды үнемдей білсеңіз, ойға алғаныңызды соңына дейін жеткізе аласыз.

     
   

Суқұйғыш. Осы аптада өмір сіздің қаншалықты төзімді екеніңізді тексеруі мүмкін. Түйсігіңізге сенсеңіз, оң нәтижеге қол жеткізесіз. Отбасындағы қиындықтарды ұмытпауға тырысыңыз.

     
   

Балықтар. Уақытты босқа құртпай ойға алғаныңызға аптаның басында кірісіп кеткеніңіз жөн. Әріптестеріңізбен қарым-қатынастарыңыз алаңдататын болса, сөзіңізге сақ болыңыз. Жұма жаңа жоспарлар құру үшін таптырмас күн. Жүрегіңізге жақын адамдарға түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Күш-қуатыңызды қайта қалпына келтіру үшін демалыс күндері жақсылап демалыңыз.

     

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru 

Қ. Бүйенбай