Өз ортаңдағы орның қаншалықты маңызды?

Джозф үлкен қаладағы бір компанияда жұмыс істейтін-ді. Компания қызметшілерге реттеу жасағанда ол өзін бөлім директоры болып өсемін деген үмітте жүрді. Бірақ, бәсекеде ол ойламаған жерден оқу тарихы да, қызмет қабілеті де өзінен төмен қызметтесінен жеңіліп қалды. Ол бұл жағдайды теңсіздік деп есептеді және өзінің бұл компаниядағы орнының қаншалықты маңызды екенін танытып қоймақшы болды. Ол компания басшылығына өзінің жұмыстан шығатыны жайлы өтініш жасамақшы болды.

Джозф бұл ойын досына айтты. Досы оған компанияда бір қызметкердің орнының қаншалықты деңгейде ойсырап қалатынын немесе оның жоқтығының ешқандай маңызы болмайтыны жайлы бір тәжірибе бар екенін айтты. Досының бұл тәжірибесі шынында да кісіні иландыру қуатына ие еді. Осыдан бұрын да осы тәжірибе арқылы ол бірнеше досының жұмыстан шығып кетуінің алдын алған еді.

Досы әйнек стаканға су құйып, сосын оған бір саусағын салды. Әудем уақыттан кейін ол судағы саусағын шығарып, Джозфтан: "Қарашы, суда өзгеріс болды ма?" деп сұрады.

Джозф стакандағы суға сынай қарады. Бірақ ешқандай өзгерісті байқай алмады. Досы одан: "Саусақты судан алғаннан кейін сол саусақ тұрған орында белгі немесе тесік қалды ма?" деп сұрады.

Джозф сол сәтте бір шындыққа көзі жетті: "Кейде өзіміз белгілі бір ортада кем болсақ болмайды деп ойлағанымызбен, шындығында, біздің сол ортада өзіміз ойлағандай маңызды орнымыз болмайды екен".

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: tmtpost.com