- Негізгі бет
- Жаднама
- 18 жастағыларға 18...
18 жастағыларға 18 кеңес
18 жас адам баласының оң мен солын танып, ақыл мен парасатқа бастайтын жолының алғашқы сатысы. Тек көп жандар осы жастың қадірін білмей адасып жатады. 18 жас сіздің "бәрін істей аламын" дейтін дүниеңіз болмау керек. 18 жас - "еркіндік" жасы. Бірақ еркіндік қандай болу керек, ол еркіндік жолында не жасау керек сол маңызды болғаны жөн. Сізге керек 18 кеңесті оқып көріңіз. Бәлкім ойланарсыз.
1. Бақыт ішімізде. Біз бақытты сырттан іздеп сабыламыз. Бірақ оның қасымызда, ішімізде екенін аңғара бермейміз.
2. Бәріне сүйіспеншілікпен қараңыз. Өмір ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан тұрады. Бірақ сіз бәріне сүйіспеншілікпен қараңыз.
3. Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Бір жақты ойлаудан қашыңыз. Бір жақты қабылдаудан аулақ болыңыз. Өзгерісте жүріңіз.
4. Айнала бұл – айна. Айналамыздағы кез келген дүние өзімізге шағылысады. Бәз біреуден өзімізді көреміз. Өзіңізді жақсы жағынан көргіңіз келсе айнаға дұрыс қарай біліңіз.
5. Кез келген адам өмірге мақсатпен келеді. Сіз дүниеге жай ғана жылап келдім демеңіз. Сіз келген күннен бастап белгілі бір мақсатпен өмір сүресіз. Бұл заңдылық.
6. Сеніңіз. Қандай жағдай болмасын сеніңіз.
7. Бәрін жүрекке қабылдай бермеңіз. Әрнені жүрекке қабылдай берудің қажеті жоқ. Өмір бір-ақ рет берілген.
8. Табиғат өзі емдейді. Табиғатпен етене жақын болыңыз. Жұтқан ауа, көз тартарлық сұлулық сізді өзі-ақ емдейді.
9. Сіздің реншіңіз айналаңызға әсер етеді. Көшеге немесе достар арасына ренжіп бармаңыз. Біреуде кеткен өшті біреулерден алудың қажеті жоқ.
10. Жеңісіңізді тойлаңыз. Еңбекпен келген жеңісті тойлау өмірден ләззат алудың бір түрі.
11. Жан дүниеңіз ән салып тұрсын. Жасанды болмаңыз. Қалай барсыз солай қалыңыз.
12. Біз шеберлерміз. Шынымен! Біз және сіз кез келген дүниенің тетігін жасаушы шеберлеріміз. Шеберханаңыз жаңалыққа толы болсын.
13. Сізді қолдайтын және сізді сүйетін адамдардың қасында болыңыз.
14. Жомарт болыңыз. Біреуге қол ұшын бере біліңіз. Жақсылық айналып келсе молынан келеді.
15. Қорқыныш – сізді түрлі қызққа бастайтын, тосыннан келетін қасиет. Оның да дұрыс пайдалан біліңіз.
16. Біз «адамзат» дейтін үлкен бір отбасымыз. Адамдар арасында өмір сүріп жатқаныңызды ұмытып кетпеңіз. Және олар сіздің жақындарыңыз.
17. Сіз тіршіліктің орталығы емессіз... дегенмен бәрін өзіңізден бастау үшін осылай ойлауға да болады. Өзіңізді көрсетіңіз.
18. Өмірге махаббат пен шаттық керек.