- Негізгі бет
- Жаднама
- 18 жасқа толмаған...
18 жасқа толмаған азаматтарға қандай жұмыстар тыйым салынған?
18-ге толмаған азаматтар кез келген жұмыспен айналыса алмайды. Оның заңмен бекітілген нормалары бар. Назарыңызға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы бекіткен бұйрығына сай 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі мен олардың ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын ұсынамыз.
18 жасқа толмаған азаматтардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі:
Өндірістер мен жұмыстардың түрлері
1. Атом электр станциялары
2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
3. Көмiр және тау-кен шикiзатын өндiру және байыту
4. Құрылыс және кенсіз материалдарды өндiру және байыту
5. Мұнай және газ өндiру және қайта өңдеу
6. Коксхимия өндiрiсі
7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу
8. Ағаш химиялық өндiрiс
9. Металлургия өндiрiсi (қара және түстi металлургия)
10. Металл өңдеу, оның iшiнде: дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металл жалату және сырлау, қаңылтыр банкi және құбыр өндiрiсi
11. Химиялық мұнай өндiрiсi
12. Химиялық шикiзатты байыту, агломераттау, брикеттеу
13. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндiрiсi
14. Бактериялық және вирустық препараттарды өндiру ұйымдары
15. Асбест өндiрiсi
16. Асбест цемент бұйымдарының өндiрiсi
17. Ерiткiштер өндiрiсi
18. Цемент өндiрiсi
19. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндiрiсi
20. Отқа төтеп беретін заттардың өндiрiсi
21. Қабырғалық және тұтқыр материалдар өндiрiсi
22. Жылу оқшаулау материалдарының өндiрiсi
23. Асфальт мастикасы мене плиткасының өндiрiсі
24. Жұмсақ шатыр және гидрооқшаулау материалдарының өндiрiсі
25. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар өндiрiсi
26. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдері, кинонемесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттар өндiрiсi
27. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi
28. Шахталарды, разрездердi, метрополитендер мен тоннельдердi салу
29. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары
30. Тамақ өнеркәсiбi, оның iшiнде: шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерi, сыра және алкогольсiз сусындар өндiрiсi, темекi және ферментация өндiрiсi, ас тұзын өндiру
31. Жылу желiлерi
32. Көлiк, оның iшiнде: темiр жол көлiгi мен метрополитен, теңiз флоты, өзен флоты, азаматтық авиация, автомобиль және қалалық электр көлiгi
33. Электр энергетикасы (энергетикалық шаруашылық)
34. Химия өндiрiсi
35. Фармацевтикалық өндiрiс
Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi
36. Автоклавшы
37. Аккумуляторларды зарядтаумен және жөндеумен айналысатын аккумуляторшы
38. Антикоррозияшы
39. Химиялық ерiтiндiлердi дайындайтын аппаратшы
40. Хлорлау аппаратшысы
41. Бункершi
42. Битум қайнатушы
43. Сүңгуiр
44. Автомобиль жүргізуші
45. Газшы
46. Газ генераторшысы
47. Газ құтқарушысы
48. Ацетилен қондырғысының генераторшысы
49. Металл бұйымдарының гумершiсi
50. Дегазаторшы
51. Рентген-гамма-глафирлеу дефектоскописi
52. Өлшеушi
53. Жанар және жағар майларды құюшы
54. От сөндiргiштерге заряд берушi
55. Баллондарды сынаушы
56. Технологиялық пештердің және өндiрiс пештерiнiң қазандары мен пештерiне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс iстейтiн от жағушы, кочегар
57. Өндiрiс пештерi мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсiп пештерiнiң, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушыпешшiсi
58. Адам ағазасына күштi әсер ететiн заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты
59. Пластмасса құюшы
60. Вагонды төңкеру машинисi
61. Вагонды итеру машинисi
62. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылардың машинисi
63. Ауа бөлушi қондырғылардың машинисi
64. Газ үрлеу машинисi
65. Газ генератор станциясының машинисi
66. Iштен жану қозғалтқышының машинисi
67. Түтiн сорғыштың машинисi
68. Компрессор қондырғыларының машинисi
69. Кран машинисi (краншы)
70. Көтергiш машинисi
71. Скрепер машинисi (скрепершi)
72. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисi
73. Экскаватор машинисi
74. Улы заттармен, кәріз сұйықтарымен ластанған киiмдердi жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнайы киiм жуу, сондай-ақ арнайы кiр жуумен айналысатын машинист
75. Мұнай өнiмдерi мен химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен; этильденген бензинмен жұмыс істейтін бөлшектердi, тораптар мен моторларды жуумен; ассенизациялық машиналарды жуумен; сондай-ақ ыдыс-аяқты дезинфекциялаумен айналысатын жуушы
76. Жоғары вольттi электр қозғалтқыштарына қызмет көрсетумен айналысатын электр қозғалтқыштар моторшысы
77. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы
78. Су құбыры-кәріз жүйесiнiң жерасты камералары мен тоннельдерiне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы
79. Пештердi, қазандықтарды, ожауларды және басқа да жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп берушi
80. Сынап дәнекерiн әзiрлеумен және оны дәнекерлеумен айналысатын дәнекерлеушi
81. Ыстық металды таратып құю және илектеумен айналысатын; қорғасынды, бериллийдi және олардың қорытпаларын балқыту және өңдеу, сондай-ақ зияндылығы I, II, III сыныпты химиялық заттар ашық түрде
қолданылатын учаскелерде; зиянды және улы жүктердi өңдеу кезiнде көлiктiң барлық түрлерімен тiкелей жұмыс істейтін көмекші жұмысшы
82. Престеушi
83. Пластмасса бұйымдарын престеушi
84. Баллон қабылдап алушы
85. Қызметкерлер:
1) шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерiн және сыра сатумен, сақтаумен айналысатын
2) қопарылғыш зиянды заттарды әзiрлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндiрiстер мен жұмыстарда iстейтiн
3) ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлерiмен айналысатын
4) пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстармен айналысатын
5) сүңгуiр (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетумен айналысатын
6) қару-жарақты ату және атып көрумен айналысатын
7) улы химикаттарды тасымалдаумен, әзiрлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын
8) тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығарумен; өнеркәсiптiк кәріз жүйесi мен ұстағыштарды тазалаумен айналысатын
9) этиль сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын
10) жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сiлтiлер, хлор және хлорлы әк сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын
11) биiктiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылар
12) бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тiкелей жұмыс iстейтiн
13) локомотивтердi және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тiкелей айналысатын
14) ыстық плита, кондитер пештерi және электрқуыру шкафтарының тiкелей жанында жұмыс iстейтiн
15) моншаларға (сауналарға) қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар
16) жерлеу қызметінің жұмысшылары (моргтерде, крематорийлерде, зираттарда)
17) қант қамысы, опий көкнәрi, темекi, мақта плантацияларында жұмыс iстейтiн
18) пестицидтер мен гербицидтер қолданылатын барлық жұмыс түрлерiмен айналысатын
19) түнгi клубтарда, кабаре, мейрамханаларда жұмыс iстейтiн
20) есірткі және улы препараттарды, алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын тасымалдаумен, өндiрумен және өткiзумен айналысатын
21) Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдерi, кинонемесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттарды таратумен, жарнамалаумен және сатумен айналысатын
22) Басқа да емдеу мекемелерiндегi наркологиялық ауруларды емдеу бөлiмшелерiн қоса алғанда, психиатриялық ауруханаларда, интернаттарда, диспансерлерде, барлық жұмыс түрлерiмен, хоспистердегi жұмыспен айналысатын
23) Ауыл шаруашылығында, қорықтарда, хайуанаттар бағы мен цирктерде жабайы және жыртқыш аңдарға, өнім беруші бұқалар мен айғырларға күтiм жасайтын
24) Асыл тастар мен металдарды өңдеумен, ақша белгiлерiн және басқа да құнды қағаздарды шығарумен айналысатын
25) Авариялық-құтқару қызметтерiмен айналысатын
86. Банк құрылымдары мен басқа да қызметтердi қорғау жөнiндегi, инкассация қызметi мен оқ ату қаруын алып жүруге рұқсат берiлген басқа да қызмет түрлерiндегi қызметкерлер
87. Балалардың өмiрi, денсаулығы мен қауiпсiздiгi үшiн жауаптылықпен байланысты жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер (сәбилер үйлерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, балалар үйлерiнiң, интернаттардың қызмет көрсетушi персоналы, аттракциондарда қызмет көрсету және басқалары)
88. Пайдаланған майды генераторлаушы
89. Шиналарды монтаждаумен және демонтаждаумен; ассенизациялық жүктерді, шiрiген қалдықтар мен улы химикаттарды тасымалдайтын автомобильдердi жөндеумен; этильденген бензинмен жұмыс iстейтiн автомобильдердi жөндеумен айналысатын автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь
90. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарi
91. Авариялық-қалпына келтiру жұмыстарының слесарi
92. Кәріз желiлерiнiң жұмыстарымен айналысатын слесарь-сантехник
93. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазытқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші
94. Этильденген бензинмен жұмыс iстейтiн мотор сынақ станцияларында технологиялық жабдықтарды; жер асты камераларында, тоннельдер мен кеме iшiнде; металлургиялық және химиялық өндiрiстерде, цехтарда және өндiрiс учаскелерiнде; арнаулы жуу орындарындағы пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде; ыстық жұмыс учаскелерiнде; кәріз құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
95. Ілмектеуші
96. Такелажшы
97. Қазандарды, танктердi, цистерналарды, бөшкелердi, мұнай құю кемелерiн және басқа да май, ракс, мұнай өнiмдерiн және химия өнiмдерiн құятын ыдыстарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар
98. Құбырларды тазалаушы (құбыр тазалаушы)
99. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткiш қондырғыларын тазалаушы
100. Абразивтi шеңберлер қолданып, құрғақ әдiспен жұмыс iстейтiн ыспалаушы
101. Электродшы
102. Электрогазбен дәнекерлеуші
103. Лифтiлердi жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханигi.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормалары
Он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдер салмағы 4,1 килограмнан асатын жүкті тасымалдаумен немесе қозғаумен ғана айналысатын жұмыстарға тағайындалмайды.
Жасөспірімдердің төменде көрсетілген нормалар шегіндегі жүкті тасымалдауына және қозғауына, бұл жасөспірімнің тұрақты кәсіби жұмысымен байланысты болғанда және жұмыс уақытының үштен бірінен артығын алмайтын жағдайларда ғана жол беріледі.
Жүкті тасымалдау:
1.1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасөспірімдер үшін – 16,4 кг
1.2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасөспірімдер үшін – 8,2 кг
Жүкті рельспен қозғалатын вагонеткалармен жылжыту:
2.1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасаөспірімдер үшін – 492 кг
2.2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасаөспірімдер үшін – 328 кг.