"Кино — бұл өмір, ал фотография — өлім"

Балалық шақты тезірек үлкейсек екен деп жүріп, текке өткіземіз, ал үлкейгеннен соң, бүкіл ғұмырымыз қартаймау жолында арпалыспен өтпек. /Клайв Льюис/

* * * *

Құдай құстарды сүйді және ағаш жаратты. Адам құстарды сүйді және тор жаратты. /Жак Деваль/

Жалғыздық - керемет нәрсе; бірақ, сізге шынында да біреудің жалғыздықты керемет нәрсе деп айтқаны қажет-ақ. /Оноре де Бальзак/

Біздің әрқайсымызда Тәңірі өмір сүреді, біздің әрқайсымызға бәрі белгілі. Біздерге тек ой-сана есігін ашып, ішкі даналыққаа құлақ түру жеткілікті... /Дэн Браун/

Егер мен өзгелерден мысал келтіріп жатсам, онда өз ойымды жақсы жеткізгім келгені.  /Мишель де Монтень/

Мүмкіндік болса, мейірімді болыңыз. Ал бұл әрқашан мүмкін. /Далай Лама/

Махаббат - адам жүрегіндегі тіс ауруы. /Генрих Гейне/

Қарттық трагедиясы сіздің шау тартқандығыңыздан емес, сіздің жас еместігіңізден. /Оскар Уальд/

Соғыстың ең негізгі салдарының бірі - адамдардың ақырында ерліктен көңілдері қалуы. /Курт Воннегут/

Мораль, этика, заң-жоралғы, салт-дәстүр, сенім, доктрина - бұның бәрі жай ғана нәрселер. Ең маңыздысы, шынына келсек, қоғамдағы кереметтілік үшін. /Генри Миллер/

Өмірде көру, білу керек нәрсенің барлығын жеті жаста білгендігімді қырық жасқа толғанда айтқым келеді. Ал қалған уақыттың бәрі -  зерделеу. /Марина Цветаева/

Бір сөз әр қаламгерде әртүрлі және әрқилы естілетіні заңдылық. Біреудің сөз барысында ішкі әлемі астаң-кестең болып жатса, ал енді біреу қалтасына жалма-жан қол салады.  /Шарль Пеги/

Менің мінезім нашар, сондықтан болар, мінезі нашар адамдарды суқаным сүймейді. /Эжен Ионеску/

Өлең дегеннің басталуы тамаққа келіп түйілген кесек секілді. /Роберт Фрост/

Кино — бұл өмір, ал фотография — өлім. /Сьюзен Зонтаг/

Ғылым — сіз не білесіз, сол, философия — сіз не білмейсіз, сол. /Бертран Рассел/

Мен бір уақыттарда сұлу болғанмын. Ал енді өз-өзімді көріп тұрмын. /Энн Секстон/

Сіз миллион жылдар, миллион жылдар ұйықтап келдіңіз. Ертең неге онда ұйқыдан тұрмысқа? /Кабир/

Менің өмірім үрейлі бақытсыздықтарға толы болды... Олардың көпшілігі ешқашан болып көрмеген.  /Мишель Монтень/

Егер Галилей Жердің айналатындығын өлең түрінде айтқан болса, онда құрбандыққа шалынбас та ма еді. /Томас Харди/

Сурет: adme.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек