1 жасқа толмаған аллергетик баланы қалай тамақтандыру керек?

1 жасқа толмаған аллергетик баланы қалай тамақтандыру керек?

Емшек сүті бала үшін басты тағам. Барлық дәрумендер де сол сүтте. Ешқандай қоспа, ботқа, қанша қымбат болса да омырау сүтін алмастыра алмайды. Уақыт өте келе сүтпен бірге бөпеге қосымша тамақ берген шарт. Бұл ересек өмірге дайындықтықтың алғашқы қадамы деп түсінгеніміз дұрыс. Қосымша тамақ енгізудің басты ережесі бәрін бір шай қасықтан бастау, бірте-бірте қажеттілікке қарай арттыру. 

  • Туылғаннан бастап - қайнаған су.
  • 4-5 айлық балаға - жүгері, күріш, қарақұмық ботқасы. Сүт қосылғанын, сүтсізін алу өз еркіңізде. Бізден кеңес: "Heinz" тауар белгісін таңдаңыз. "Heinz-тың" бағасы біршама қымбат болса да сапасы жоғары.
  • 5-6 айлық балаға - алма, алмұрт пюресі, сонымен қатар әртүрлі дәндерден дайындалған печеньені қайнаған суға немесе табиғи сүтке ("Amiran" фирмасының өнімдері табиғи болып келеді. Өндірілген күннен бастап сүттің сақталу мерзімі 5 күн екенін есепке алған жөн) езіп берсеңіз болады.
  • 6-7 айлық балаға - айран. Қолдан ұйытқан немесе "Amiran-ның" айраны. Айран ішкеннен кейін бала үлкен дәретке 1-2 күн бармай қалса, айран беруді тоқтатыңыз. 
  • 7-8 айлық балаға - сүзбе сықпасы, қара өрік. Рационға ақырындап жеміс шырынын қосса болады (алма, алмұрт қана).
  • 8-9 айлық балаға - 2 тісі шықса, сыр беруге болады. Біздің кеңес: "Комо" фирмасының сыры. Сонымен қатар жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып, сарысын беріңіз. 1/8 бөлігінен бастайсыз, бірте-бірте көбейтесіз. Денесі қызарды ма, қышу жоқ па бақылау жасаңыз, мұқият болыңыз.
  • 9-10 айлық балаға - аз мөлшерде ет. Жылқыныкі болғаны жақсы. Тісі қышып мазасы болмаса, ақ нан беріңіз. Тістеп, шайнап, біраз тынышталады. Бір уақыт картоп, еттің қамырын да ақырын бере берсеңіз болады. Жаңа тағам беруді түсте жоспарлаған дұрыс. Кешкілік уақыт бөпенің ас қорытуына ауыр.
  • 10-11,11-12 айлық балаға - бәрін ақырындап бере беруге болады. 


Беруге болмайды:

  • қызылы бар барлық тағамдар
  • шай, кофе, газды, бояуы бар сусын
  • тәтті-құтты
  • балық
  • цитрус жемістері
  • манны ботқасы (салмағы аз болса ғана беріңіз)
Y. Almabek