Адамдармен тіл табыса білу де өнер. Иә, үлкен өнер! Кейде жаңа ортаға қосылған адамдарға қарап отырып, таңдануға болады. Олар ешқандай таныстықсыз, іс-әрекетсіз жылы шыраймен жаңа ортаға тез арада сіңісіп кетеді. Ал енді бірде мүлде керісінше, қанша тырысқаныңызбен, жақын тілдескіңіз келгенімен, ортақ сөз не ортақ көзқарас таба алмай ортадан шеттетіліп қалатын адамдарды кезіктіріп жатамыз. Сонда әр адамның өзіндік ортаға сіңісу күш-қуаты бола ма? Әлде олар ерекше жаратылған адамдар ма? Бұл сұрақтардың жауабын рухани туралы кітаптар арасынан жоғары деңгейлі сатылымда жүрген Наполеон Хиллдің «Думай и богатей» атты эссе-кітабынан таба аламыз.
Ерекше көңіл-күй
Олар өз орталарында психологиялық тұрғыдан ерекше көңіл-күйді ұстанып, өзгелерді де сол ортаға кірістіріп алуға асығады. Иә, тұйық әрі сабырлы болған да дұрыс-ақ. Бірақ, ерекше көтеріңкі көңіл-күйде жүретін адамдардың сөздері анық әрі айқын, өзіндік сезіммен айтылады. Тыңдаушысын өзгеше темппен бағындырып алады.
Тыңдай білу
Қарым-қатынас тізбегін жақсы сөйлеп қана емес, тыңдау арқылы тепе-теңдікте ұстау керек.
Өз-өзін ұстай білу
Қарым-қатынас реті осы екен деп, үнемі үндемей отыруға не орынсыз сөздер айтуға болмайды. Кез-келген жағдайда өз-өзін ұстаған адамның көпшілік алдында сенімділігі артады.
Сабырлылық
Адам қай сәтте болмасын өзін-өзі ұстай білуі байсалдылыққа кеп тіреледі. Қандай жағдай болмасын сабырлық сақтауға тырысыңыз. Себебі, ол өзіңізге де, сізді қоршаған ортаға да пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Ол сіздің жеке тұлға ретінде ғана емес, мансаптық жолыңызда да үлкен жетістіктерге әкелері сөзсіз.
Күле білу
Күле білу – өнер. Тілдесу кезінде жымия білудің өзі көп сөз айту қажет емес екен көрсетеді. Сіздің досыңызға деген ыстық лебізіңіз бен көздеріңізден тұңған мейірімнің анық айнасы секілді сөзсіз жеткізіп береді.
Жайбасарлық
Иә, мұндай адамдар жайбасарлықты өмірлік серік ете бермейді. Олар тез қимылдап, күніне кем дегенде бір рет қайтарымсыз қайырымды іс жасауға асығады. Олар өмірлеріндегі шалыс кеткен сәттерді, жеңілістерді өмір жолдарындағы жеңістей қабылдайды. Қиындыққа душар болғанда дұрыс шешім қабылдауға асығады. Өздерінің тыңдармандарын әлемдегі қымбат жандардай бағалайды. Нәтижесінде өзіндік өзгеріссіз бет-бейнелерімен, боямасыз өмірімен өзгелердің жадында есімдері мәңгі жаңғырып тұрарлықтай танымалдыққа ие болады!
Мақтау сөздер
Жақсы сөз – жарым ырыс. Олар ешқандай жағымпаздықсыз мақтау, мадақтау сөздерін айта алады. Егер мақтауға тұрарлық әрекет болса, онда сол сәтті пайдалана отырып, тыңдарманына жақсы сөздер айтып, қошемет көрсетеді.
Табысты адамдар ешқашан жасампаздықпен өмір сүрмейді. Олар өздерін қоршаған жақын жандарын не достарын қарапайым бар болмысымен тәнті етеді. Қарапайымдылық – олардың өмірдегі джекпоты. Шалыс басқан сәттегі кемшіліктерін олар үнемі түзеп отырады және бұл олардың өмір жолындағы үлкен жеңістері. Қателіктен сабақ алу – игі іс. Айналадағы жақындарыңызға, жанашырларыңызға жақсы көзқарас танытып, қарапайымдылықты жандарыңызға серік етіп, белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!