- Негізгі бет
- Жаднама
- Айкезбеліктің қыр-сыры...
Айкезбеліктің қыр-сыры
Статистика бойынша әрбір бесінші бүлдіршін ұйқы кезінде жүреді және адамдардың ең кемі 40%-ы өмірінде бір рет ұйықтай отырып орнынан тұрған.
Есейген сайын адамның ұйқы сұрауы азаяды, дегенмен ересектердің 1-2,5% өздерінің «әдетін» жалғастыра береді.
Айкезбелерді ояту қауіпті дегенді жиі айтады және бұл дұрыс емес. Дегенмен ондай кезде айкезбе үшін ояну дегеніңіз өте жағымсыз.
Адам миы ұйқы кезінде орнынан тұрып ары-бері жүруге не себепті бұйрық беретіні нақты белгілі емес. Дегенмен ұйқы кезінде не болатыны туралы біршама мәлімет бар. Түн уақытында адам ұйқының бірнеше фазасынан өтеді: үстіртін ұйқы шамамен жиырма минут ішінде біртіндеп терең ұйқыға ауысады, одан кейін қайтадан үстіртін ұйқы, сосын жылдам ұйқы.
Осы цикл бір түн ішінде бірнеше рет қайталанады және әрбір цикл сайын жылдам ұйқының ұзақтығы артып, таңға жуық аталмыш кезеңде ең көп уақыт алатын болады. Адам өз түсін көбіне осы фазада көреді. Бұл кезде адам денесі сал болып қалғандай, себебі түс көріп жатқан адам өңінде қарқынды қозғалыстарды бастап кетпеуі тиіс. Демек, айкезбелік бұл фазада болмайды.
Шын мәнісінде айкезбелік терең ұйқы кезінде пайда болады. Бұл өте қызықты және пардоксал құбылыс. Терең ұйқыда ми адам қозғалып жүретіндей, бірақ оянып кетуге жеткіліксіз болатындай деңгейде белсенді болады.
Жақында Нигуардағы (Италия) миландық емханада айкезбелікке бейім адамдардың миындағы толқындық тербелістің зерттеуі жүргізілді.
Ғалымдар мидың кей бөліктері сергектену жағдайында болғанда, басқа бөліктері терең ұйқыда жататынын анықтады. Бұдан шығатыны, айкезбеліктің пайда болу себебі осы екі күй арасындағы дисбаланстан шығуы мүмкін.
Айкезбелер екі қолын алға созып, қорқынышты фильмдердің кейіпкерлері секілді жүреді деген әңгіменің шындыққа жанаспайды, алайда олар эмоциясыз, өте салмақты болуы мүмкін және мұндай жағдайда олардың назарын аудару өте қиын.
Сонымен жақындарыңыздың біреуі айкезбе болса не істеу керек?
Айкезбелер терең ұйқыда сізді және сіздің оятуға деген талпынысыңызды байқамауы мүмкін.
Егер оянатын болса, сіз өзінің қандай жағдайда тұрғанын аңғарып, стрестік күй кешуі мүмкін.
Терең ұйқы кезінде оятқыш шырылдауынан ояну сезімі бәріне таныс, абыржып, қатты мазасызданасыз. Айкезбелер осыған ұқсас күйде болуы ықтимал.
Демек, айкезбелерді оятқанда олардың жүрегі ұстап, комаға түсірмейсіз, дегенмен оларды оятудың орнына бөлмесіне қарай бағыттап, төсегіне жатқызға дұрыс. Таңертең ол болған жайды білмеуі де мүмкін.
Ә. Жутаева