Айкезбе

 Айкезбе
Фото: cloudberrystudio.ru

Психологиялық тұрғыдан келгенде «айкезбе» сөзі өзіндік қорқынышы мен ерекшеліктеріне толы ұғым. Көптеген адамдар осындай қызық құбылыстың иегерлері. Иә, айкезбе ұғымын тек біз түнде ұйқылы ояу тұрып-жүріп кететін адамдар ретінде ғана білеміз. Бұл дүниенің өзіндік адам шошырлық қырлары жетерлік. Бұл ауру көбіне жас өспірімдер мен кішкентай балалардың өмірінде кезігеді. Ересек адамдарда сирек кездесетін құбылыс болып табылады. Айкезбе ауруы жөнінде көптеген қорқынышты фактілер Америка тарихында тіркелген. Адам түнгі ұйқысы кезінде түс көріп жатқандықтан ештеңе сезе бермейді. Сол секілді біздің ағзамыз толыққанды тынығып жатқанымен біздің миымыз өз деңгейінде қызмет етеді. Түс көру барысында да қанша қиналып жатсақта қалыпта адамның дене мүшелері оңайлықпен қозғала қоймайды. Айкезбе ауруына шалдыққандардың жағдайы мүлде бөлек. Олар ұйқы кезінде  бөлме ішінде жүріп, кітап сөрелерін, не шкафтарды ақтарып, кейбіреулері көлік айдап, енді бірі түсініксіз қылық  танытып, жеуге жарамсыз дүниелерді жеп кететін кездері көптеп кезігеді. Әдетте психикалық тұрғысында ахуалы бар не стресс алып, нашақорлықпен айналысып, ішімдік ішкен адамдардың да жүйке жүйелерінде бір кейкілжің болғандықтан осы ауруға шалдығады. 

Айкезбелерді оятуға болады ма?

Егерде мұндай аурудың куәгері болып жатсаңыздар онда дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыздар. Оларды оятуға болмайды. Себебі, психологиялық тұрғыдан жарақат алуы не сізге кесірінін тигізуі әбден мүмкін. Олар өйткені қатты ұйқы жетегін жүрген адамдар. Бұл ауруға шалдыққан адамдар жәй ғана жүріп қоймайды, олар түнде сөйлеп не тісін қайрап жағымсыз әрекеттер істейді. Таң ата сіз оларға қанша түсіндіруге тырысқаныңызбен олар қатты ұйқы жетегінде болғандықтан, сізге еш нәрсені түсіндіріп бере алмайды. Америкалық жаңалықтарда бұл ауруға шалдыққандардың соңы адам өлтірумен не зорлық әрекеттерін жасаумен аяқталғандығын мәлімдейді. Түн ортасында жүріп кететін жандар өздеріне зақым келтірулері әбден мүмкін. Биіктен құлап кету, не суық қарулармен өздерін зақымдап алу сынды деректерде көптеп кездеседі. 
Сондықтан да, уақытылы ұйықтап, келеңсіз жайттардың куәгері болмауға тырысыңыздар. Аталмыш аурудың емі қазіргі таңда дәрігерлердің қолында деген сөздер тізбегімен сөзімізді аяқтағымыз келеді.

М. Ақан