- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Әкімдер оқ атудан...
Әкімдер оқ атудан жарысты
Қазақстанда әкімдерге арналған әскери жиын өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Әскери жиын "Сарышаған" полигонында ұйымдастырылды. Оған Қарағанды және Ұлытау облыстарынан келген 27 әкім мен олардың көмекшілері қатысты. Олар Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіповтің әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдай туралы дәрісін тыңдады.
Сонымен қатар, әкімдер артиллериялық зеңбіректерден жауынгерлік атыстың қалай өтетінін көрді.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қарудан оқ атып, сынақ тапсырды.
Калашников автоматынан оқ атуда Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков, ал Макаров тапаншасынан Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали үздік атанды.
Қатысушылардың бәріне Бауыржан Момышұлының "Соғыс психологиясы" кітабы берілді.
А. ЕсенӘлемдегі геосаяси жағдайдың ушыққанын ескерсек, мұндай сабақтарды өткізу өзекті. Жиын бағдарламасы өте қарқынды болды. Алған ақпараттың арқасында мен қаламыздың аумақтық қорғаныс органдары жұмысының тиімділігін және жауынгерлік қабілетін арттыру керегін түсіндім, - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.