Әлеуметтік желіде адам папиллома вирусына қарсы екпе бедеулікке әкеледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде АПВ (адам папилломасы вирусы) вакцинациясы бедеулікке әкеледі деген мәлімет фейк саналады. Себебі Қазақстанда жүргізілген және көптеген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, вакцинаны алмаған әйелдерге қарағанда, АПВ-ға қарсы екпе алған әйелдердің репродуктивті денсаулығы неғұрлым жоғары болады", - деп жазылған ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан хабарламада.
Көптеген елде жүргізілген зерттеу барысында фертильдіктің бұзылуы, аналық бездің сарқылу синдромы немесе басқа да репродуктивті бұзылуларға вакцинаның әсері болмағанын көрсетті.
Бұл тұжырымдар АПВ-ға қарсы вакцинаның тиімділігі жоғары және оның қауіпсіз, екпе алған әйелдердің денсаулығына пайдалы екенін және вакцина бедеулікке әкелмейтінін растайды, - деп жазылған хабарламада.
Комитет қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты тексеруді және тек ресми дерек көзіндегі мәліметке сенуге шақырады.