әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына және Ұлт мақтаныштарына айналған «Үш бәйтеректің» 120 жылдық мерейтойына арналған «Жарты жаңқам қалғанша...» атты талантты жастардың республикалық байқауы өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері (магистр, PhD докторанттарын есептемегенде) түгелдей қатыса алады.
25-26 ақпан – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің қаза болған күні. Осы күнге орай әдебиетіміздің ҮШ БӘЙТЕРЕГІН еске алу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өткізеді. Байқау осы кеш аясында 2014 жылдың 28-ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.
Кеш барысында:
1. Үш бәйтерекке арнау өлең (поэзия);
2. «Үш бәйтерек» атты ғылыми эссе номинациялары бойынша сайыс ұйымдастырылады.
Қорытындысына сай арнайы сыйлықтармен мараптталады. Байқаудағы жол шығыны қатысушылардың есебінен. Байқау қорытындысы мен арнайы әдеби кеш 28 ақпан күні сағат 15:00-де басталады.
Барлық мәселелер бойынша кештің модераторы Әли АСАНҒА хабарлассаңыздар болады.
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті. aliasan1994@mail.ru
Байланыс телефоны: +7775 685 26 30
Қосымша ақпараттар:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубында өтетін «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби кеш аясында ұйымдастырылған байқауда:
1) Поэзия жанры бойынша бір туынды қабылдана отырып, көрсетілген пошта мекен-жайына жіберілуі тиіс. Шектеу мерзімі 27.02.2014 жылға дейін.
2) «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» атты ғылыми эссеге қойылатын талаптар:
Эссе мәтіні 4-5 беттен аспауы тиіс, мазмұнында мына мәселелер қамтылып, ғылыми стиль, библиографиялық дәлдік сақталуы тиіс:
1. С.Сейфуллин (Б.Майлин, І.Жансүгіров) шығармашылығының кезеңдері және басты шығармалары.
2. С.Сейфуллин (Б.Майлин, І.Жансүгіров) шығармашылығын зерттеушілер.
3. С.Сейфуллиннің ( Б.Майлин, І.Жансүгіров) бір шығармасына мазмұндық-құрылымдық талдау.
4. Үш бәйтерек тағылымы (қорытынды).
Ғылыми эссе Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқу ғимаратында 2014 жылы 28 ақпанда таңғы 10:00-де арнайы аудиторияда жазылады.
Өтетін орны: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті. Тіркелу 2014 жылдың 28 ақпанда сағат 09:30-да басталады.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: жеке мұрағаттан