«Ұлт тарихы оқушы көзімен» атты шығармашылық байқау жарияланды

«Ұлт тарихы оқушы көзімен» атты шығармашылық байқау жарияланды

Қазбілім порталы барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялады.

Шығармашылық байқаудың мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған "Мәңгілік ел" ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
 
Шығармашылық байқаудың шарттары:

* Шығармашылық байқауға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
* Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған, әрі басқа шығармалардан көшірілмеген болуы шарт.
* Шығарма еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаға, немесе еңбегі ерен тұлғаға, немесе белгілі бір дәуірге қатысты болуы шарт.
* Шығармаға жанрлық шектеме қойылмайды (өлең, мақала, әңгіме немесе драма).
* Шығарма тек қазақ тілінде жазылуы шарт.
* Шығармамен қоса оқушының қысқаша өмірбаяны, суреті және шығарма мазмұнын бейнелейтін бір нұсқа сурет жіберілуі керек.

Жүлде қоры:

Бас жүлде - біреу
Бірінші орын - біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру – бесеу
 
Шығармашылық байқаудан іріктелген шығармалар жеке кітап болып шығады.
 
Ескерту:
  • Жүлдегерлер Астана қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
  • Шығармалар өңделмейді, сондықтан жіберер алдында граматикалық, т.б қателіктерін толық қарау керек.
  • Келіп түскен шығармалардың барлығы сайттың "Оқушы ойы" бөлімінде жарияланады. Бағалау барысында шығармаға келіп түскен пікірлер мен сайт оқырмандардың бағалауы, көрілім саны әсер етеді.
  • Шығармамен қоса жіберілген суреттің де мазмұны бағалауға әсер етеді.
  • Байқау қортындысы 25 науырызда Астана қаласында өтеді. Шығармалар 2015 жылдың 22 наурызына дейін қабылданады.
  • Жеңімпаз оқушылардың жетекші ұстаздары да Алғыс хаттармен марапатталады.
Байқауға шығармалар мына электронды пошталарда қабылданады: kazbilim@gmail.com, aiatjan@mail.ru 
Байланыс телефондары: 8702-931-8008, 8707-931-8008
 Ұйымдастыру алқасы
Сурет: matritca.kz
Ш. Талап