Студенттер арасында республикалық байқау жарияланды

Студенттер арасында республикалық байқау жарияланды

Алты алаштың ардақ тұтар арысы, асқақ ақын, қайраткер тұлға Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай Сүлеймен Демирел университеті және халықаралық «Мағжан» әдеби-шығармашылық, өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тек «ел» деген сөз үшін!» атты талантты жастардың республикалық сайысы өтеді. Бұл байқау шығармашылықтың жан-жақты салаларын біріктіруімен ерекшеленеді. Сайысқа Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері (магистр, PhD докторанттарын есептемегенде) түгелдей қатыса алады. Жұмыстар 15.11.2013 дейін ғана қабылданады. Жабылу салтанаты сайыс өз мәресіне жақындағанда хабарланады.

Сайыс төрт бағыттан тұрады:

  1. Қысқа көлемді бейнебаян (М. Жұмабаев немесе барша алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, артына қалдырған мұрасына байланысты. Бұл шарттар аталған үш бөлімге де қатысты).
  2. Көркем сөз (эссе, әңгіме, т.б.)
  3. Көсем сөз (публицистикалық мақала)
  4. Поэзиялық шығарма, яғни жас ақындар мүшәйрасы.

Ескерту!

  • Қатысушылар жеке автор ретінде аталған номинациялардың бір немесе екеуін ғана таңдай алады. Ал бейнебаян сайысы топтық жұмыс ретінде жүргізіледі және жүлделері де қатысушы топқа ортақ табысталады.

Конкурсқа қатысушыларға төмендегідей талаптар қойылады:

  Техникалық талаптар:

- Поэзия, көлемі – 2-5 бет,;

- Көркем сөз (әңгіме, эссе, ой толғау, т.б.) 5-8 бет;

- Көсем сөз (публицистикалық мақала) бағыты бойынша шығарма көлеміне шектеу жоқ. Ең басты талап:  сайысқа ұсынылатын мақала байқау мәресіне жеткенше баспасөз бетінде жарық көруі тиіс немесе қатысушылардың осы тақырыпқа қатысты бұрын жарық көрген мақалалары сайысқа түсе алады.

- Бейнеролик уақыты 10-15 мин. аспауы шарт. Форматы MPG3, 4. Жасалған туындының қысқа да нұсқалығы, эстетикалық және сапалық жағынан көркемдігі, нақтылығы мен туындыгерлердің тақырыпқа объективті түрде шешім шығаруы маңызды бағаланады.

Мәтіндер тек электронды нұсқада ғана қабылданады.
- Бұрын еш жерде жарық көрмеген көркем прозаның барлық жанрлары жарайды;
- Әріп түрі - Times New Roman, формат А4, шрифт – 12, мәтін жолдарының арасы 1 интервал.
- Таңдалған шығарманың түпнұсқасы PDF форматында тіркелуі тиіс
- Қатысушы өзі туралы түйіндеме және оқу орнынан анықтаманы жіберу керек.

Мазмұндық талаптар:

- Грамматикалық, орфографиялық, емле қателіктері болмау керек
- Стильдік өлшемдерге сай болу керек (диалектілер қолданудан алыс болу қажет)
- Синтаксистік тілдік, әдеби нормаларға сәйкес болу керек.

Жұмыстар academ_kz@mail.ru,  temirlan_zhorabay@mail.ru электронды адрестеріне 2013 жылдың қараша айының 15-іне дейін тапсырылуы тиіс.

Сайыстың қорытындысы мен жүлдегерлерді арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Сайысқа қатысты қосымша мәліметтерді «Мағжан» бірлестігінің жетекшісі Жорабай Темірланнан ала аласыздар.

Тел: 8702 921 22 17; 8 701 232 90 57; 8 701 462 08 67.

Ерекше көзге түскен, көркемдік және кәсіби тұрғыда озық шыққан туындыларға ауқымды тосын сыйлар бар!

Жабылу салтанатын Түркия елінің Ыстамбұл қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: sko.gov.kz 

Ш. Талап