Жазушы Стивен Кинг Жоғарылау (Elevation) аталатын жаңа романын жарыққа шығарды. Бұл туралы автор өз твиттерінде: Сіздер оны оқиды деп үміттенемін деп жазды. Жазушы жаңа туындысын әңгіме жанрына жатқызады. Бұрын-соңды берген сұхбаттарының бірінде Кинг Жоғарылау (Elevation) оқиғасы ойдан шығарылған Касл-Рок қаласында орын алатынын айтқан болатын. Осыған дейін жарық көрген Гвенди мен оның қобдишасы романының сюжеті де осы Кинг әлемінен ауытқымаған еді. Әңгіме салмағы азайса да, сырт пішіні өзгермейтін 40 жастағы ер адам туралы баяндайды. Скотт Кери есімді кейіпкер бейнесін пайдала отырып автор қазіргі заманда актуалды мәселелерді сипаттаған.