Шымкентте алкоголь өнімдері дайындалған жасырын цех анықталды, - Massaget сайты ҚР ҚМ Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті.
"Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық "Родная степь", "Русская на бруньках", "Тау эксклюзив" контрафактілік алкогольдік өнімдер табылды.
Сондай-ақ, 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан аса бос бөтелкелер табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды.
Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.