Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт – 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша конкурс басталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықаралық фестивальде еліміздің барлық аймағынан және Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен жүзден астам үміткер бақ сынауда. Іріктеуден өтіп, байқауға шақырылған барлық ақындар өлеңін оқыды. Қазылар алқасы 100 үміткердің ішінен 50 ақынды екінші кезеңге өткізді.
Бүгін екінші кезеңге өткен ақындар өлеңдерін оқып, байқауды әрі қарай жалғастырады.
Байқауға алғашында 150 үміткердің шығармалары келіп түскен болатын. Ұйымдастырушылар барлық үміткерлерді қайта сүзгіден өткізіп, қатысушылардың санын 100-ге қысқартты.
Аталмыш байқауда белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет бастап Бауыржан Қарағызұлы, Танагөз Толқынқызы, Ақберен Елгезек сынды бір топ белгілі тұлғалар қазылық етуде.
Байқаудан суреттер:
Тұрсынбек Башар өлең оқуда
Қазылар алқасы үміткер өлеңдерді мұқият тыңдауда
Шерхан Талап бәйгеге түскен өлеңін оқуда
Олжас Қасым жалғастыруда
Әріби-Әрібек Өр Алтайдың өлеңі ғана емес, стилі де жұрттың назарын аударды
Қазылар алқасына шешім шығару оңай болмасы анық
Қымбат Бұхарбаева нәзік жанды ақындардың ізі іспетті
Саян Есжан
Батырхан Сәрсенхан
Жандарбек Жұмағұлов
Еламан Хасен
Жиналған жұрттың қарасы көп
Әдебиеттегі жас толқын!
Сурет: ©Мassaget.kz