"Гарри Поттердің" жеті томдығын жазып тастап, араға уақытты салып барып Джей Кей Роулинг үлкендерге арналған кітап жазып шықты. Кітаптың аты - "Кездейсоқ бос орын"("Случайная вакансия").
Шықпай жатып шығармашылық ортаның тарапынан әр түрлі бағаға ие болып отырған кітаптың бүгінгі заман туралы айтары көп екен. Мәселен, ұятсыздық туралы, адам қолынан жасалып жатқан кеселдер турасында. Жазушының сөзіне сенсек, кітаптың ең басты күрделі де тартымды тұсы психологиялық иірімдер шарпысқан кездер. Яғни бір адамды түсіну үшін жазушы мен оқырман арасында көзге көрінбейтін көңіл жібінің орын алуы. Ең қызығы сол, кітап ішіндегі кейіпкерлерге оқырман күліп отырып өзінің қалай ғана жазушының табасына қалғандығын білмей қалады екен.
Көптеген сыншылар мұны жазушының сан қырлы талантының арқасында қолданылып отырған эффектілердің біріне санайды. Ал Роулинг ханым болса, әу баста-ақ оқырманды тарту мақсатында көптеген эксперименттерге барғандығын алға тартады.
Айтпақшы, кітаптың дүиеге келу тарихы ұшаққа қатысты болып шықты. Бес жыл бұрын сүйкімсіз әйелден әлемнің ең бірінші бай әйеліне айналып үлгерген жазушы ұшаққа міну арқылы тың идеяларға қол жеткізген. Әуеде бара жатып әуелгіден келе жатқан жоспарының бірі ретінде үлкендерге арнап кітап жазуды қолға алыпты-мыс.
сурет:Carl Court
Дайындаған: Фараби Бақыт