Оскар Уайльдтың Лондондағы үйі сатылымға қойылды

Оскар Уайльдтың Лондондағы үйі сатылымға қойылды

Британдық жазушы Оскар Уайльдтың Лондондағы үйі 1,8 миллион долларға сатылымға қойылды. Бұл туралы Forbes хабарлайды. 

Тарқата кетсек, Уайльдтың үйі Челси ауданы, Тайт-стрит көшесінде орналасқан. XIX ғасырда атағы дүркіреп тұрған көшеде Оскар Уайльд суретші Джеймс Макнил Уистлер мен Джон Сингер Сарджент секілді әйгілі тұлғалармен құдайы көрші болыпты.

Уайльд осы үйге 1884 жылы қоныс аударған. Және дәл осы үйде жазушының атын әлемге мәшһүр қылатын "Дориан Грейдің портреті" дүниеге келеді. Дәл осы үйде жазушының екі ұлы дүние есігін аттаған. Алайда, британдық талант ертелі-кеш үйден кетуге мәжбүр болған. Жергілікті әкімшілік Оскарды гомосексуалист (бір жынысты адамдардың табиғи заңнан тысқары қосылуы) деп тауып, екі жылға үкім кескен-ді.

Қазіргі таңда үй дизайнер Майси Лидің жеке меншігіне жатады. Жақында ғана үйді жөндеуден өткізіп, кезінде Уайльдқа кітапхана болған бөлмені жатын бөлмеге айналдырса, асхананы қонақ бөлмесі қылып ауыстырыпты. 

сурет:vokrugsveta.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига