Нарынқолда Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығына орай дүбірлі той өтті (Фото)

Қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы қаламгердің туып-өскен жері Райымбек ауданындағы Қостөбе, Нарынқол ауылдарында аталып өтті. Дүбірлі тойға алыс-жақыннан ағылып келген қонақтардың қарасы көп болды.

Мassaget.kz сайтының тілшілері де жолға шығып, аталған тойдан фоторепортаж дайындап қайтқан болатын.

Мерейтой Бердібек Соқпақбаев орта мектебіндегі жазушының мұражайын тамашалаудан басталды. Жазушының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды.

Одан кейін Нарынқолдағы Мәдениет үйінде «Халқы сүйген қаламгер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.

Мерейтой құрметіне қаламгердің үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Оған жазушының «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» сынды шығармаларымен бірге көптеген әңгіме, хикаялары енді.

Хан-Тәңірі етегіне ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ас берілді. 

Парламент Сенатының депутаты, Жазу­шылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған бір топ зиялы қауым сөз сөйледі.

Жазушының әйгілі «Менің атым Қожа» шығармасы негізінде қойылым сахналанды.

Бердібектің тойына алыстан ат терлетіп бір топ өнерпаз келді. Олардың ішінде белгілі әнші Рамазан Стамғазиев та бар.

Назарларыңызда «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Нұрлан Сегізбаев. Ауылдағы ағайын "тірі Қожаны" таныды ма екен?

Нарынқолдық көкпаршы жігіттер.

Жұрттан бөлек отырған бұл кісіні сөзге тартып едік, Бердібектің көзін көрдім диді. Үш жүзге сауын айтқан дүбірлі тойдың жоғарғы деңгейде өтіп жатқанына дән риза.

Тұлпарды тақымдап мінген нағыз қазақтың жігіттері осындай болса керек!

Дүбірлі тойдың дақпыртын естіген бұл бала есегін міне сала жеткен екен. Қалып қоймайын деген ғой.

Ат жарыс тамашалаған ағайын.

Қыз қуу ойыны. 

Жеткізбей кетер ме екен?

Жоқ. Жігітің ер екен! Жетті. Бетінен сүйді.

Аударыспақ.

Аламан бәйгенің бас жүлдесіне тігілген «KIA» маркілі джип автокөлігі. Бұл жүлдені қоғам қайраткері, елімізге танымал сәулетші Серік Сұлтанғалиев ұсынды. Сондай-ақ, 7 айналымдық бәйгеге бизнесмен Жанболат Жөргенбаев сыйға тартқан «Нива» автокөлігі.

Аламан бәйге.

Топ бәйгеде топ жарған тұлпар.

Тақымы талса да топ жаруды ойлаған шабандоз темір тұлпардың кілтін қолына ұстады.

Бердібектің тойы болған күні Хән-Тәңірінің басын бұлт шалмады. Бұның да бір себебі бар шығар...

Автор: Шерхан Талапұлы

Сурет: ©Massaget.kz