Кітап әуесқойлары үшін жақсы жаңалық. АҚШ-тың Эмори оқу ордасының оқытушылары зерттеу барысында оқиға желісі нанымды шыққан жағдайда оқырманның ойлау жүйесінде шартты көрініс орнайтынын анықтауда...
Бұл сәтте ми бөлігінің қабылдау процесі өзгеріске ұшырап, оқу уақытысында физикалық сезімталдық туғызады екен. Және де химиялық процестің өзгерісі роман, әңгіме, өлең оқу сәтінен бес күнге созылмақ.
Сынақ барысында ғалымдар әрбір еріктіге триллер оқуды тапсырып, сосын бес күннің әр таңында миға МРТ-көшірмесін жасатып отырған. Нәтижесінде сынаққа қатысқан әрбір жанда тілге жауапты мидың самай бөлігі мен ми қыртыстарының сенсорлық бөлігін қозғалтқыштан бөліп тұратын ми ойығында (борозда мозга) байланыс белсенділігінің жоғарылағаны байқалған.
Сонымен, адамдарға кітап желісіндегі айғай-шу мен қашып шығу жанталасын еске алса болғаны, соған жауапты нейрондар физикалық белсенділіксіз іске қосылады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет:photo.99px.ru