Қазақ тіліндегі кітаптар қатарына жаңадан бір кітап қосылды. Қазақша кітаптардың қатары бір кітапқа көбейді. Тақырыбы – "Күміс кітап". Авторы – Бақытжан Бұқарбай. Кітапсүйер қауым үшін бұл кітаптағы айтылған ойлар аса қызық болмауы мүмкін. Алайда, кітапты аз оқитындар үшін немесе мүлдем кітап оқымағандар үшін міндетті түрде берері бар, айтары мол кітап.
"Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана",– дейді Әбіш Кекілбаев. Расында, кітап – құнды байлық. Әсіресе қазақ тіліндегі кітаптарды оқуға құлшыныс пен уақыт табылмай жатады. Интернет желісі қарқынды дамыған мына заманда кітапты ұстап отыруға да ерінетіндер бар. Алайда ақпаратты кітаптан алғанның әсері басқаша.
Бақытжан Бұқарбайдың кітабы белгілі бір сюжетке құрылған, кейіпкерлері бар көркем туынды емес. Өз өмірінің қуанышы мен қайғысын айтып тауыса алмайтын монография да емес, ақыл айту үшін немесе мотивация беруге арналған нақыл сөздер жиынтығы да емес. Кітап сізді кітап оқуға итермелеп, кітапқа деген махаббатыңызды оятуға арналады. Бұрын кітаптар сирек кездесетін. Сериялы кітаптар сөре түгілі, кітапхананың өзінен де табылмайтын. Бүгін сырты қызылды-жасылды кітаптарды көп көреміз. Іші емес, сыртына қызығушылық танытамыз. "Күміс кітап" – осы олқылықтың орнын толтырарлық бірден-бір кітап.
"Кітап барлық білімнің, әрбір ғылымның бастауының альфа және омегасы". Кітапқа қызықсаңыз, "Күміс кітаптан" кеңес алыңыз. Ол сізге керегіңізді беретініне сеніміміз мол.