- Негізгі бет
- Жаңалық
- Кітапты келілеп сататын...
Кітапты келілеп сататын заман туды
Мадридте, Эмбахадорес көшесінің қиылысында кітап дүкені ашылды. Бір қызығы, бұл кітап дүкеніне иелік ететін қожайындар ойы артық жандар болып шықты. Олай деп айтатын себебіміз, бұрынғы көкөніс сататын жерді сатып алған испандық азаматтар кітапты киллограмдап сататын әдіс ойлап тапқан. Әдіс дегенде де анау айтқандай күрделі ештемесі жоқ, тек таразыға бұрындары алма, алмұрт қойылып өлшенетін болса, ендігі кезекте салмақ басында кітаптар тұрады. Айтпақшы, кітап келісі - 10 еуро.
Бүгінгі таңда аталған дүкенді алты адам бірлесіп ашып отыр. Арнайы баспаханалармен келісім-шартқа отырған адамдар сатып алушылардың күн санап көбейіп келе жатқанын айтады. Және ойға алған бизнестерін басқа қалаларда да ашпақ ойлары бар екен.
Сурет:litminds.org
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига