«Кітапхана – кемел дос» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы құрылғанына 10 жыл толуына орай «Кітапхана – кемел дос» атты Республикалық ақындар конкурсы өтеді.

Бұл байқау мемлекеттік тіл мен ұлт әдебиетін көркейту, кітапхана беделін көтеру және кітапханашылар еңбегін насихаттау мақсатында қолға алынып отыр.

Конкурстың мақсаты:

Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттау, әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын айқындау, еліміздегі мәдени саясаттың айқын бағыттарын, зерделі ұлт қалыптастыру жолында жас әдебиет қайраткерлерін қолдау, кітап және кітапхана беделін арттыру, кітапханашылар мен мәдениет саласы қызметкерлерінің ерен еңбектерін үлгі ету болып табылады;

Конкурсқа қойылатын талаптар:

1. Конкурсқа бұрын еш жерде жарияланбаған 3 өлең қабылданады. Өлең көлеміне шектеу қойылмайды.

Бірінші өлең – еліміздің мәдени өміріндегі тарихи кітапханалар және Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасын тақырыптық өзек етуі керек /міндетті/ ;

Екінші өлеңі – Кітап және Кітапханашылар туралы болуы тиіс;

Үшінші өлең – еркін тақырып;

2. Конкурсқа қатысатын ақындардың жас ерекшелігіне, кәсіби білімі мен мамандығына шектеу қойылмайды.

3. Өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.

4. Өлеңдер конкурс комиссиясына пошта арқылы жіберіледі немесе қолма-қол табыс етіледі. 
Өлеңдердің қағазға басылған және электрондық нұсқалары тапсырылады. 
Үміткер жеке конвертке шығармасын және мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірі көрсетілген шығармашылық және өмірбаян түйіндемесін, жеке куәлігінің көшірмесін салады.

Конкурстың ұйымдастырылу тәртібі:

1. Келіп түскен өлеңдерді зерделеу және жеңімпаздарды анықтау мақсатында Қазылар алқасы құрылады.

2. Конкурсқа ұсынылатын шығармалар 2014 жылдың 25 қарашасына дейін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қаласы, Достық көшесі, 11, 4-қабат, 419-шы бөлме («ТӘЖ» әдеби-интеллектуалды клубы) және электрондық пошта бойынша қабылданады.

3. Конкурсқа келіп түскен шығармалар Қазылар алқасының талқылауынан өткеннен кейін, қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астана қаласында өткізіледі;

4. Конкурсқа қатысқан барлық өлеңдер ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сайтында жарияланады;

Конкурстың жүлде қоры:

І орын – біреу
ІІ орын – біреу
ІІІ орын – біреу

Арнайы сыйлық

Байланыс телефондары: 28-50-40 (Ерлан Жүніс)

электрондық пошта: tajclub21@gmail.com

Сурет: ©Мassaget.kz