- Негізгі бет
- Жаңалық
- Қостанай облысында ауыл...
Қостанай облысында ауыл тұрғындары көршісінің көлігін ұрлап кеткен
Қостанай облысында көршісінің көлігін ұрлап кеткен төрт ауыл тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды alau.kz басылымы.
Ведомсотво мәліметінше, Қарабалық ауылының төрт тұрғыны Комсомольская көшесіндегі аулалардың бірінен ВАЗ-21110 көлігін көріп қалған. Көліктің есіктері ашық, кілттері құлыпта болатын. Олар аулаға кіріп көлікті ұрлап, көрші ауылға баруды ұйғарады.
"Бөрлі ауылына келген жастар бұл ауылда үй тонауды ұйғарады. Ауылда бірінші кездескен үйлердің біріне терезе арқылы кіреді. Бұл кезде үй иелері ұйықтап қалған болатын. Бөлмелердің бірінен олар екі ұялы телефон мен қымбат иіссу алып шығады. Ал екеуі сыртта сыбайластарын күткен", - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Максим Греков.
Осыдан кейін күдіктілер Қарабалық ауылына келіп, көлікті көшелердің біріне тастап кетеді. Аталған іс бойынша 18 бен 23 жас аралығындағы ер адамдар ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Г. Досымшалова