Ғалымдар COVID-19 пандемиясынан көз жұмған адамдардың жалпы санының есебін шығады. Орта есеппен коронавирус әрбір адамның 16 жыл өмірін құрбан етіпті. Бұл жайлы Scientific Reports журналында зерттеу жарияланды.
Зерттеушілердің есебінше, былтыр коронавирустан 1 279 866 адам қайтыс болды. 81 елдің азаматтары өлім құшты. Бұлардың өмір жасын есептеп шыққан ғалымдар SARS-CoV-2 вирусы адамзаттың 20,5 млн жылын жалмаған деп қорытынды шығарды.
Коронавирустан көз жұмғандардың көбі, яғни, 45 пайызы – 55-75 жас аралығындағы адамдар, 30,2 пайызы – 55 жасқа дейінгілер, ал 25 пайызы – 75 жастан асқандар.
COVID-19-дың шығыны маусымдық тұмау мен жұқпалы ауру шығынан 2-9 есе көп. Ал қан тамыр мен жүрек ауруларынан 2-4 есе аз екен.