Лондонда V халықаралық “Open Eurasian Literature festival & Book forum” әдебиет фестивалі аясында Оразалы Сабден мен Әбдімәлік Ашировтың “The Conceptual Strategy for Humankind's Survival in the XXI Century and Food Security” кітабының көрсетілімі болды, бұл кітапта авторлар адамзаттың назарын XXI ғасырдағы жаһандық мәселелерге аударып және оларды шешудің бірегей бағдарламасын ұсынады. Кітап баспадан әлемнің 200 топ университтеріне жіберілді.
Болжауға келмейтін үшінші мыңжылдықтың аясында: климаттың жаһандық өзгеруі, азық-түлік, судың жетіспеушілігі, теріс экологиялық процестер, әлемдік экономикалық дағдарыс және әскери және саяси қақтығыстар тобыры – бәрі де, адамзаттың болашағы үшін алаңдауға мәжбүр етеді. ХХI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы және азық-түлік кәуіпсіздігі кітапта постиндустриалды әлемдегі жалпы адамзат цивилизациясының 6 базалық элементке: руханилық, ғылыми-техникалық революция, экономика және әлемдік қауіпсіздік, экология, ғарышты игеруге негізделген планетарлық үйін құру қағидалары әзірленді. О.Сәбден профессор Ә.Ашировпен бірге адамзат өмір сүруіндегі күрделі мәселелердің бірі – әлемде аштыққа душар болған 1,3 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін тәжірибелік тұрғыда шешеді. Әлемдік тәжірибеде алғаш рет авторлармен азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің шешу жолдары мен тәсілдері тереңінен және негізді түрде көрсетілді, атап айтсақ, түрлі дақылдардың шығымдылығын арттыру, ауыл шаруашылығына космогеофизикалық сипаттамалар кешені қолданылған және Күннің, Айдың, Жердің және басқа да Күн жүйесіндегі планеталардың гравитациялық өріс және Күннен периодты түрде бөлінетін электромагнитті өріс өсімдіктерінің биоритмінің, сондай-ақ, өсімдіктер тұқымы биоритмін қосымша жасанды электромагниттік сәулеленуінің еселік жиілігінің жүйелі әсері түсіндірілген.
Атаулы ақпараттық технология сынақтан сәтті өтіп және де жеті (7) мемлекетке енгізілді. Осы жайында, сәйкесінше енгізілу жөніндегі акт, патент,куәләк және басқа да қажетті құжаттар бар. Радиожүргізуші, психолог Алан Кокс: «Практикалық аспектілермен қатар,профессор О. Сәбденнің ғылыми-зерттеуі барлық діндер мен өмірлік жолдарды құрметтей отырып, біздің өмір сүруімізге негіз болатын рухани деңгейдегі жаһандық бірігудің қажеттілігін көрсетеді». Джозеф Сандерс, MA Cantab, APAM, Dip. RAM.Guildhall School & Goldsmith’s College: «Мен О.Сәбденнің әлемнің өркендеуі үшін кең және жақсы ойластырылған «Ұлы Жібек жолы» тұжырымдамасы шеңберінде Орталық Азия тарихы мен мәдениетінің шығармашылық маңыздылығын танитындығына өте қуаныштымын. Мені оның оптимизмі жігерлендіреді».
Орталық Азиядан белгілі ғалымдары әлемге жаңа көзқараспен қарауға, инновацияларға серпін беріп, адамзат өркениетінің даму перспективаларына әлеуметтік-экономикалық талдау жасауға шақырады. Идеясы: әлемнің барлық халықтарының және әрбір жеке тұлғаның даму жолында пайдалану.