- Негізгі бет
- Жаңалық
- Қазақ жазушысы түркі...
Қазақ жазушысы түркі халықтары сыйлығын иеленді
Әзірбайжанның Баку қаласында белгілі қазақ жазушысы Нұрғали Оразға түркі халықтары арасында жарияланған Махмұд Қашқари сыйлығының І орын бәйгесі тапсырылды.
«Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, Жазушылар Одағы басқарма бастығының орынбасары, ақын Жанарбек Әшімжан өзінің фейсбкутегі жеке парақшасында: "Бұған дейін қазақ қаламгерлері арасында жарияланған бәйгеде де (40-тан аса шығарма түскен болатын) Нұрғали мырза бірінші орын алған еді, бұл жолы да аты бәйгеден озып келді. Түрік, қазақ, әзірбайжан, татар, башқұрт, тыва, саха, якут, гагауз, чуваш жазушылары қатысқан бұл дәстүрлі бәйгені жариялаған - Еуразия Жазушылар Одағы, төрағасы - Якуб Омироғлы. Әріптесімізді халықаралық әдеби аламанда қазақ көркем сөзінің жалауын бір биікке шығарғанымен шын жүректен құттықтаймыз", - деп жазды.
«Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрғали Ораз "Аяқталмаған ертегі", "Даладан қалаға келгендер", "Биіктегі сұлулық", "Түнгі жалғыздық" деп аталатын әңгімелер мен повестер жинағының авторы.
Сурет: Avrasya Yazarlar Birliği
Ш. Талап