Қазақ хандығының 550 жылдығына орай маңғыстаулықтар тағы бір мүшәйра жариялады

Маңғыстаулықтар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде 14 наурыз күні Амал мерекесін Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында республикалық деңгейінде өткізбек ниетте.

Осы орайда «Мұңал ата» қоғамдық қоры «Елтану KZ» қоғамдық қорымен бірге «Қасиетім – Қарашаңырақ» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасын ұйымдастырады.

Мүшәйраның мақсаты:
– Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлт болып ұлықтаудың мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын тану;
– Жәнібек пен Керей бастаған хандарымыз армандаған, кешегі Алаш қайраткерлерлі мақсат еткен, бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің болашағын айқындайтын «Мәңгілік Ел» идеясын жас ұрпаққа жалаң насихат түрінде емес, көркем шығармалар арқылы насихаттау;
– Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда Маңғыстау өңірінде өткен жаугершілік кезеңдердегі батыр бабаларымыздың жанкешті ерліктерін суреттеу;
– отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі ету;
– Қатысу үшін алдын ала сұраныс жіберген қаламгерлерге бәйгеде басымдық берілетін қосымша тақырыптар хабарланады.

Мүшәйраға кемінде 3 өлең немесе толғаулар мен дастандар, поэмалар қабылданады. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды.
Қазылар алқасының құрамы әдебиет саласында белгілі және танымал қайраткерлерден, әдебиеттанушы ғалымдардан тұрады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
Шығармалар электронды нұсқада (Microsoft Word файлды форматы түрінде (шрифт 12 кегліде), жоларасы 1,5 интервал, Times New Roman қарпі) қабылданады.
(Алыс аймақтағы ақындар үшін мерекеге Астана қаласы арқылы тегін әуе жолымен келіп-кетуіне мүмкіндік бар).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер заттай және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Шығармаларды қабылдау уақыты:
Мүшәйраға қатысушылардың шығармалары компьютерде терілген электронды нұсқада 2015 жылдың наурыз айының 10-на дейін eltanukz@mail.ru электронды пошта бойынша қабылданады.

Ұйымдастыру алқасы

Сурет: wireltern.de