Белгілі ақын, журналист Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Сонымен бірге ол Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры қызметін қоса атқарады.
Ал, газеттің бұрынғы басшысы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» ауысты. Жанарбек Әшімжан «Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған. «Шабыт» халықаралық фестивалі Поэзия бөлімінің Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Алматы ақшамы», «Жас Алаш», «Жас қазақ» басылымдарында қызмет атқарған Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетін де жаңа белестерге бастайтынына сенім білдіреміз!
Ақын Жанарбек Әшімжанды Massaget.kz жастар порталы жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.