«Жүз жылдық жалғыздық» қазақ даласында жазылуы керек еді
Әмірхан Балқыбек
Атақты «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы Габриэль Гарсия Маркес туралы телесериал шыққалы жатыр. Колумбиялық Серхио Кабрераның режиссерлігімен түсірілген фильмнің сюжеті ұлы жазушының досы әрі биографы Плинио Апулейо Мендосаның естеліктері бойынша жазылған.
Аталған сериал 2015 жылдан бері түсіріліп жатыр. 2017 жылдың сәуір айында сериалдың бірінші бөлімі жарыққа шығады. Ол Маркес туралы деректі емес көркем фильмдердің алғышқысы болмақ.
Габриэль Гарсиа Маркес — колумбиялық жазушы-прозаик, журналист, саясаткер. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері. Оның атын әлемге танытқан «Жүз жылдық жалғыздық» романы болды.