Биыл қазақтың танымал ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері және халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы.
Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде ақынның шығармашылық кеші өтуде. Тамызда Астанада, қазан айында Маңғыстау өңірінде өтті. Маңғыстауда өткен iараға ақынның үзеңгілес достары, шәкірттері, студенттер және мыңдаған жыр сүйер қауым қатысты. Ақынға жүрек жарды, ақ тілегін айту үшін Төлен Әбдікұлы, Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Сарай Әнес Төлендіұлы, Әмин Тұяқов, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева, Сауытбек Абдрахманов сынды қоғам қайраткерлері келді. Енді міне, Жайық бойында да өткелі тұр.
Әдебиетсүйер қауым үшін, оның ішінде Жайық жұрты үшін жақсы жаңалық, ақынның 11 қараша күні Атыраудағы М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында, артынша ізі суымай 14 қараша Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында "Еркем, Жайық..." атты шығармашылық кеші өтеді.
Ендеше, ардақты ақынның кешінен қапы қалмаңыздар!