- Негізгі бет
- Жаңалық
- «Жас өркен» «Үш...
«Жас өркен» «Үш бәйтерек жылын» өткізбекші
Балалар әдебиетін насихаттау мақсатында «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» сынды балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі келесі, 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялап отыр. Үш бәйтерек – қазақ балалар әдебиетінің үш алыбы Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев.
Биыл бүлдіршіндерге арналған тұңғыш қазақ журналының тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығы болса, «Балдырғанның» Мұзағаңнан кейінгі жылдардағы бас редакторы Тұманбай Молдағалиев пен оның құрдасы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы келе жатыр.
Осыны ескере отырып, «Үш бәйтерек» жылында «жасөркендіктер» жыл бойы балалар әдебиетінің жауһарларын жариялап, мектептер мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырмақ екен. Балалар шығармашылығына арналған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізбек ниеттері де бар. Ұйымдастырушылар білім беру саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқутушылары мен мектеп мұғалімдері, барша қаламгер қауым, қалың оқырманды «Үш бәйтерек жылы» шарасына белсене қатысуға шақырады.
Толығырақ төмендегі телефон нөмірлері және электронды пошта арқылы хабарласа аласыздар: +7 727 3955195, +7 7754527978, +7 707 8296227, jorken@mail.ru, ak_jelken@mail.ru, jurnal-baldirgan@mail.ru, npulan@mail.ru
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Ш. Талап