Жуырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Жалын» баспасынан «Жас толқын» сериясы аясында жарық көрген жас қаламгерлердің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерді ашып, жүргізіп отырған көрнекті жазушы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеұлы кітаптары шыққан 22 автордың әрқайсысына жеке-жеке жазылған сын-ескертпелері мен ағалық жылы лебізін білдірді.
Жас қаламгерлерді қамтитын бұл серия ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Оқырмандар арасында ерекше қызығушылыққа ие болып келе жатқан осы «Жас толқын» сериясымен биыл жарық көрген кітаптар тізімі төмендегідей:
Поэзия аталымы бойынша:
1. Алмат Исәділ, «Көкжиекке сіңген жол...»
2. Бақытжан Алдияр, «Қазығұрттың қоңыры»
3. Бауыржан Әліқожа, «Айтұма»
4. Ерғали Бақаш, «Жастық жалыны»
5. Мирас Асан, «Бекзат»
6. Мақпал Мыса, «Мен керекпін»
7. Олжас Қасым, «Бозбеткей»
8. Мағиза Құнапияқызы, «Ай жүзіне көп қарап»
9. Бақытгүл Баймолдақызы, «Жүректегі жүзік»
10. Алтыншапақ Хаутай, «Қаламымнан сағынышым сырғанап»
11. Ержан Жұмабек, «Шексіздік шұғыласы»
12. Жанат Жаңқашұлы, «Тәңір таңбасы»
13. Гүлжайнар Қалдина, «Әке әлдиі»
Ал, проза аталымы бойынша:
14. Дархан Бейсенбекұлы, «Әулиеағаш жапырағындағы жас»
15. Айнұр Шайшейтова, «Тағдыр сыйы»
16. Мирас Мұқашев, «Ақ шағала»
17. Алмас Нүсіп, «Барлау»
18. Мәди Алжанбай, «Автобустағы әңгіме»
19. Үміт Зұлхарова, «Депутат отыр партада»,
20. Әлібек Байбол, «Теміржол вокзалы»
21. Әсем Қоспағарова, «Қызыл орамал»
22. Қанағат Әбілқайыр, «Ұмыт мені»
Шараға сондай-ақ, Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасарлары, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім, белгілі әдебиетші Гүлжаһан Орда сынды қаламгерлер мен ғалымдапр қатысып, жаңа шығармалардың авторлары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жас толқын» сериясымен баспа бетін көрген жинақтар республикамыздың барлық аймақтарындағы кітапханалар мен кітап дүкендеріне, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге тегін таратылуда.
Жолдаған: Ғазиза Баймұхан
Сурет: Нұрғиса Елеубеков