Huawei смартфон шығаруды азайтты

Huawei смартфон шығаруды азайтты
Фото: playground.ru

Қытайдың Huawei компаниясы смартфон өндірісін 60 пайызға дейін қысқартуға мәжбүр. Бұған АҚШ салған санкция себеп. Бұл жайлы Nikkei агенттігі хабарлады.

Басылым тілшілерінің айтуынша, Huawei компаниясы биыл смартфон өндіруді азайтпақ. 2020 жылы компания 189 млн дана смартфон шығарса, биылғы тапсырыстың саны 70-80 млн данаға әрең жетеді. Ал кейбір жеткізушілердің айтуынша, мүлде 50 млн данаға ғана жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, қытай компаниясы смартфонды 5G-мен емес, 4G-мен шығаратын болған. Бұған да санкция себеп. Өйткені компанияның табысы азайып, шығыны көбейіп кеткен.   

Ал IDC есебінше 2020 жылы қытай компаниясы смартфон сатылымы жағынан төртінші орынға түсіп кеткен. Оның алдында Samsung пен Apple тұр. Аналитиктердің айтуынша, 2021 жылы Huawei бұдан да төмен құлдырауы мүмкін.

Қ. Слямбек