Харуки Муракамидің жаңа кітабы жарық көрді

Жапон романшысы "Әйелдерсіз еркектер" деп аталатын жаңа кітабы 18 сәуірден бастап бүкіл әлемде сатылымға шықты. Жаңа романды жазушының сүйікті оқырмандарының қолына жеткізу мақсатында көптеген дүкендер жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден бастап жұмыс істеуге көшті. Әзірге 300 мың таралыммен шыққан кітап 6 бөлімнен тұрады. Әр бөлім өз сүйіктілерінен белгілі бір себептермен айырылған ерлердің әңгімесі жайлы сыр шертеді.

Бұл Харуки Муракамидің "Өмірі құпияға толы Цукуру Тадзаки және оның саяхаттары" атты өткен жылғы еңбегінен кейінгі шыққан жаңа туындысы болатын. Ол кітаптың таралымы миллион данадан асып, Жапонияда 2013 жылдың ең үздік бестселлері атанған еді.

Жасы 65-ке тірелген Мураками жаңа заман жазушыларының ішіндегі атақтыларының бірі. Ол бірнеше рет Нобель сыйлығына үміткер болып үлгерген. Ал оның еңбектері әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылып танылды. Қазақ оқырмандары арасында жапон жазушысының "Норвегияның орманы", "Құс фабрикасының жазбалары", "Саяжайдағы Кафка" секілді туындылары белгілі.

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:litcult.ru