- Негізгі бет
- Жаңалық
- Есей Жеңісұлының жаңа...
Есей Жеңісұлының жаңа кітабы жарық көрді
Ақын, белгілі журналист, спорт комментаторы Есей Жеңісұлының жаңа кітабы жарық көрді. Кітап "Шуақ" деп аталады. Бұл қуанышты жаңалықты жазушының өзі фэйсбук әлеуметтік желісінде бөлісті.
"Әр үш жыл сайын (2009 жылдан бері) бір кітабым шығатын еді – 2009-2012-2015. Төртінші кітап-перзентім сәл асықты, 2017 жылдың желтоқсанында дереу қолға алынып шығып кетті. Атауы – "Шуақ". Алғашқы кітабымды солай атағым келіп еді, төртіншісіне орайы келді. Мұқабасында – өзіміздің ауыл.
Аяулы досым ауырып жатқанда қолжазбасын баспаға тапсырып едім, жарыққа шығуы жанымды толқыта алмағаны содан...
Бүгін оқырманға жол тартты. Өлең кітабы болуға тиіс еді, көлемі сәл көбейетін болған соң, жеті әңгімемді қостым. Сыны бұзыла қоймас," – деп жазды Есей Жеңісұлы.
Айта кетейік, Есей Жеңісұлы «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Дала мен қала», «Ұлан», «Айқын» газеттерінде, «Қазақстан» телерадио корпорациясында, Президенттің баспасөз қызметінде жұмыстар атқарған. Оның осыған дейін «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!», «Мынау ғазиз дүние» атты кітаптары жарық көрген.
Ж. Жұмағұлов