- Негізгі бет
- Жаңалық
- Екінші Гарри Поттер...
Екінші Гарри Поттер бар екені белгілі болды
Фото:
vk.com
Осы күнге дейін Гарри Поттер жанкүйерлері оның жалғыз емес екендігін білмеген болатын. Сиқыршы бала туралы кітаптар сериясында екінші Гарри Поттер бар екені айтылмаған еді. Бұл туралы "поттериананың" авторы Джоан Роулинг Pottermore сайтына салған соңғы әңгімесінде жазды. Онда аты-жөні дәл сәйкес келетін баланың болғандығы айтылады.
Әңгіме желісі бойынша, Генри Поттер (туыстары үшін) — Хардвин мен Иолантаның ұрпағы. Ол 1913-1921 жылдары жоғарғы сотта сиқыршы болған. Генри маглдардың белсенді жақтаушысы болғандықтан, оның есімі "Сиқыршылар анықтамасынан" алынып тасталған. Оның Флимонт есімді ұлы болған, ал Джеймс Поттер, яғни, Гарри Поттердің әкесі Генридің немересі болып шығады.
Поттериандар үшін бұл шынымен күтпеген жаңалық болып отыр.
А. Оралқызы