"Жарым және одан да жарым" киносымен бір қатарда голливудтық танымал күлдіргі өз күшін әдебиетте де байқап көргісі келген. Нәтижесі – "Роландтың алар асуы" балалар кітабы. Иллюстрациясын суретші Роб Нейсон жасаған.
Кітапта ерте кездегі француз эпосының желісі жатқан көрінеді. Роланд Керри – жағаға соғылудан қорқатын толқынның жотасы. Кейіпкер осымен өмірім бітті деп ойлайды. Бірақ ақыр аяғында Роланд өзінің қорғап та, қолдап та тұратын алып мұхиттың бір бөлшегі екенін түсінеді. Осылайша, Джим Керри адамзат пен жеке тұлғаның ортақтығы мен біртұтастығын көрсетуге тырысқан.
Актердің айтуынша, "Роландтың алар асуы" ертегісі бала күнгі қорқынышынан туған. Ата-анасын жоғалтудан, жалғыз қалудан қорқыпты. Әке де, шеше де көп шылым тартқан екен және бала Джим көп ұзамай олар осыдан өледі деп ойлапты.
Өз кітабында Керри жақсылықтың зұлымдықты жеңуі жай ғана міндетті іс екенін, жер бетіндегі барлық адамдар бір-бірімен өзара байланыста, біртұтас бөлінбес бөлшектен тұратынын және балалық қорқыныштар уақыт өте өздігінен кететінін көрсеткісі келген.
Бір айта кетерлігі, басылымның электронды нұсқасына Джимнің қызымен біріге отырып жаздырған әні енген...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: duzeka.pl