- Негізгі бет
- Жаңалық
- Диккенстің үйі мұражайға...
Диккенстің үйі мұражайға айналмақ
Ұлыбританияда ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің тағы бір мұражайы ашылмақшы. Жазушы өзінің 13 жылын өткізген және көз жұмған екі қабатты үй туристерді қабылдайтын болады.
1920 жылдан бастап ғимарат ішіне қарапайым мектеп орналасқан болатын, ал Оливер Твист оқиғаларының авторының бөлмесі мектеп директорлығына арналып келіпті. Енді мектеп арнайы мақсатта салынып біткен жаңа ғимаратқа көшпек, ал екі қабатты үйде мұражай ашылады.
Аталған мұражай санақ жағынан алғанда Диккенстің Ұлыбританиядағы үшінші мұражайы атанбақ. Біріншісі жазушының туған жері Портсмутте орналасса, келесісі Лондон төрінде тұрақ тепкен.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: standard.co.uk
Л. Лига