Балаларға арналған үздік шығармаларға арналған 10-шы Халықаралық «Дарабоз-2015» әдеби байқауы жарияланды. Байқау 2015 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыр аралығында өтеді.
Байқаудың негізгі мақсаты жас жазушылар мен балалар жазушыларын танымал ету, өскелең ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ балалар әдебиетіне қолдау көрсету, балалар жазушыларының беделін көтеру және балалар әдебиетінің дамыту болып отыр.
Жеңімпаздар қазылар алқасының дауыс беруімен анықталады. Әділқазылар отырысы 25 мамыр күні өтеді.
Қазылар алқасынан ең көп дауыс жинаған автор, байқау жеңімпазы болып танылады, яғни Гран-при жүлдегері атанады. Жеңімпаздан төмен, бірақ басқа қатысушылардан жоғары дауыс жинаған автор 1,2,3 орындарды иеленеді (орындар мемлекеттік жән орыс тілінде бөлек- бөлек тағайындалады).
Дауыс беру қорытындысы қатысушыларды ресми түрде марапаттау кешіне дейін жарияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен пікір алмаспайды және жаряланған шешім соңғысы болып есептеледі.
Байқау жеңімпаздарына дипломдары мен ақшалай жүлделері 2015 жылдың 1 маусымында Алматы қаласында өтетін қорытынды марапаттау кешінде табысталады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтетін орынға жету шығындарын қатысушы өз мойынына алады.
Барлық шығармалар www.daraboz.org. сайтында жарияланады.
Байқауға қатысушылар:
Байқауға 6-80 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.
Байқауға шығармаларды тек қана оның авторы / авторласы ғана жолдай алады. Анонимдік шығармалар, шынайы (паспорт бойынша) аты көрсетілмей, бүркеншік атпен, үшінші жақпен жолданған шығармалар қабылданбайды.
Шығармалар қазақ не орыс тілдерінде жазылған болуы тиіс.
Әр қатысушы байқаудың бір жанры бойынша 3 шығармаға дейін жібере алады.
Байқауға алдыңғы жылдары жіберілген шығармалар қайта қатыстырылмайды және қаралмайды. Сонымен қатар, факс арқылы, қолмен жазылған шығармалар және 2015 жылғы байқау шартында көрсетілмеген жанрда жазылған шығармалар қарастырылмайды және қатыстырылмайды.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері байқауға қатыстырылмайды.
Жанрлар
* Проза, поэзия, әңгімелер (ертегілер)
Жұмыстарды ұсыну тәртібі:
Жұмыстарды байқауға ұсыну ұйымдастыру комитетінің info@daraboz.org электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады.
Өтініш қабылдау кезеңі 2015 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығын құрайды.
Ұсынылатын шығармаларға қойылатын талаптар:
Байқаудың мәні қазақ және орыс тілінде жазылған, байқау талаптарына сай жеке әдеби шығармашылық жұмыстар болып табылады.
Байқауға қатыстырылатын шығармалар 2015 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін анкетаны (Қосымша құжат) толтырып, оған талаптарға сай ресімделген шығармашылық жұмысты тіркеп жіберу керек.
Қатысушылардың жеке мәліметтері құпия болып саналғандықтан, үшінші жаққа берілмейді.
Жұмыстарды электронды түрде ұсыну үшін өңдеу шарттары:
* Шығармалар электронды түрде *.doc, *.docx (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифті Times New Roman немесе Arial Cyrillic, шрифт көлемі 12, жол аралық интервал 1,5) болуы тиіс.
* Бет жиектері: сол жағы 3 см, жоғарғы және төменгі жағы 2 см, оң жағы 1,5 см;
* Конкурстық жұмыс көлемі аралықты қосқанда 20 000 белгіден аспауы тиіс (А4 форматындағы 12 беттен аспауы тиіс).
Жұмыстар төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:
- Қазақ салты, мәдениеті мен тұрмысының толық ашылуы;
- Жанрға сәйкестігі;
- Стильдің тыңғылықтығы;
- Шығарманың тәрбиелік немесе патриоттық мағыналылығы;
- Шығарма сюжетінің Қазақстанмен немесе қазақ мәдениетімен ұштасуы.
Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образдылығы есепке алынады.
Жүлде қоры:
Гран при (біреу) - 1 000 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісімшарт 1 орын (екеу) - 700 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісімшарт 2 орын (екеу) - 300 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісімшарт 3 орын (екеу) - 200 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісімшарт Балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін (біреу)Шығармаларды қолдану:
Автор, өз шығармаларын байқауға жолдай отырып, ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының шешімімен шығармалардың Қазақстан Республикасының кез келген қаласында жариялануына тосқауыл бола алмайды, әрі авторлық гонорар талап ете алмайды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары :
Электронды адрес: info@daraboz.org. Телефон: 8 727 3 15 15 11
Сурет: uniforms.by