2015 жылы 25-наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай студенттер арасында «Біз жанбасақ лапылдап...» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.
Мүшәйраның басты мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойындағы патриотизм ұшқынын жалындатып, ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі екенін сезіндіру; Студент кездегі жастық жалынына оранған жігерлі жырларды, тұмса бұлақтай мөлдір өлеңдерді насихаттау; Ақындарды ынталандыру.
Мүшәйраға ақындар мынадай үш тақырыптағы өлеңдерін жолдайды:
1.Қазақ хандығына – 550 жыл (Қазақ жұртының 1465 жылдан бүгінге дейінгі қайғысы мен қуанышы, ертеңгі болашағы студенттер көзімен)
2. Студенттік өмір
3. Еркін тақырып
Мүшәйраның жүлдесі:
Бас жүлде (біреу)
Бірінші орын (біреу)
Екінші орын (екеу)
Үшінші орын (үшеу)
Арнайы жүлде (бесеу)
Мүшәйраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2015 жылдың 10 наурызына дейін жіберуге тиіс. Қосымша байланыс телефоны, суретін салуы міндетті. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады. Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн.
Шарттары түгел орындалмаған, мерзімінен кешіккен шығармалар қатыстырылмайды. Жеңімпаз ақындардың жырлары жеке жинақ болып және факультеттің «Журналист» газетіне жарияланады. Жеңімпаздарды қара қылды қақ жаратын қазылар алқасы анықтайды.
Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru
Қосымша байланыс үшін: 8702 740 55 90; 8777 822 7785
Ұйымдастырушы: ҚазҰУ, журналистика факультетінің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы
Сурет: ©Мassaget.kz