- Негізгі бет
- Жаңалық
- Бір ғана сөйлемнен...
Бір ғана сөйлемнен тұратын роман үздік марапатқа ие болды
Ирландиялық жазушы Майк МакКормектің «Күн түсті корсет» («Solar bones») атты романы Голдсмит университетінің ең үздік марапатына ие болды. Бір қызығы, 223 беттен тұратын кітап бір ғана сөйлеммен жазылып шыққан.
Голдсмит университетінің жүлдесі 2013 жылдан бері әдебиетке жаңашылдық әкелген туындығы табысталып келеді. Бұл марапатты иеленген жазушылар бүгінде үлкен құрметке ие.
51 жастағы ирландиялық жазушының романында Маркус Конуэй есімді инженердің өліп тірілгені жайлы баяндалады. Әділқазылар алғасының төрағасы профессор Блейк Моррисонның айтуы бойынша, Майк МакКормек қарапайым жұмысшының өмірін шебер баяндай білген.
- Саясат, отбасы, өнер, денсаулық, азаматтық парыз бен экология тақырыптарын қаусаған романда автор барлығын лирикалық көркем шеберлікпен жеткізе білген, - деп бағалады.
Лондондағы жоғарғы оқу орнының жүлдесін алған жазушы 12 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға да ие болды.
О. Сансызбай