Майкл Дж. Ноулз есімді америкалық журналистің «Демократтарға дауыс беру себептері» аталатын кітабы Amazon сайтында ең көп сатылымға ие болды. Бұл “өтірік кітап” 266 бос парақтардан тұрады.
Ноулз бұл кітапты өз қаржысына шығарған және барлық саяси басылымға ұсынып отыр. Оның ойынша, аталған кітапта Демократиялық партияға қатысты «ең құнды зерттеу жұмысының» нәтижелері жазылған.
Кітап он доллар тұрады және қазіргі уақытта оған 20% жеңілдік бар.
2011 жылы дәл осындай бос парақтардан тұратын «Еркектер не ойлайды?» деген кітап бестселлерге айналған болатын.