- Негізгі бет
- Жаңалық
- Бибол Жұмағалиұлының жыр...
Бибол Жұмағалиұлының жыр кітабы оқырманға жол тартты
Кеше, яғни сәуірдің 14-і күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғасында 21 жасында бақилық болған ақын Бибол Жұмағалиұлының «Мен қайта оянам!..» атты жыр кітабының тұсаукесері өтті.
Кешке белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, жазушы ф. ғ. д., профессор Кәкен Қамзин, жазушы-аудармашы Серік Нұғыман, ақын Керім Елемес, ақын Мұрат Шаймаран және алыс шетелден ат арытып Бибол Жұмағалиұлының ата-анасы да келіпті. Белгілі айтыс ақыны, халық қалаулысы Әбдіғани Бәзілханұлы кітаптың шығуына мұрындық болып, кеште ағынан жарылып ақын туралы естелік айтты. Айта кетейік, кешті ұйымдастырған да, кітапты баспаға дайындаған да марқұмның достары мен жолдастары.
Өлең сөздің тарпаң табиғатын, жыр құдіретін тағы бір рет жалпақ жұртқа әйгілі еткен жас талант бір өлеңінде: «Мен қайта оянам!
Шолпанын туғанда таңғы аспан,
Бәсірем жер тарпып таңды асқан.
Бөрілі байрағым желбіреп,
Қолымда жарқылдап алдаспан.
Мен қайта оянам!»
деп жырлаған екен.
Дәл өзі айтқанындай Бибол ақынның жырдағы ғұмыры басталды. Ол – өлең өлкесінде, жыр әлемінде қайта оянды! Ол енді мәңгі ұйықтамайды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ©Massaget.kz
M. Auelkhan