Құрметті байқауға қатысушылар, елімізге танымал журналистЛәйлә Сұлтанқызыныңжаңа Әйел кітабы жарыққа шығуына орай ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Әдебиет әлеміндегі әйелдер туралы мына 10 сұрақтың басым бөлігіне жауап берген 3 оқырманымыз Ләйлә ханымның қолтаңбасы қойылған кітап алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Өкінішке орай барлық 10 сұраққа жауап берген қатысушы болмады, жеңімпаздар әрқайсысы 8 сауалға дұрыс жауап берген. Байқаудың әділ өткендігіне көз жеткізу мақсатында сұрақтардың жауабын жариялап отырмыз. 1.Мына өлең жолдарын жазған қазақтың ақын қызы кім?Адам деген бақыттан тұншығады, ә,шырын сәтте бойында қан тасыған.Біздер жаққа қарауға қымсына ма-ай жатыр шалқасынан.Жауабы: Фариза Оңғарсынова 2.Агата Кристи романдарының кейіпкері мисс Марплдың есімі кім?Жауабы: Джейн Марпл 3.Әйел теңсіздігі кезінде қыз айттыру салтының құрбаны болмай, алғашқылардың бірі болып сүйгеніне өз еркімен қосылған кейіпкер туралы шығарма?Жауабы: Мағжан Жұмабаев Шолпанның күнәсі, кейіпкер есімі - Шолпан 4.Орыс поэзиясының күні Александр Сергеевич Пушкин туындыларындағы жиі кездесетін әйел есімі?Жауабы: Мария. Пушкиннің Дубровский, Капитанская дочка, Полтава, Метель (Повести Белкина) атты туындыларында Мария есімді кейіпкерлер кездеседі. Бұл есімді жиі қолдануын зерттеушілер түрлі себептермен түсіндіреді. Өзі ғашық болған Мария Волконскаяға (Раевской) арнап Редеет облаков летучая гряда, Таврида, Ненасытный день потух, Буря, Не пой, красавица, при мне, На холмах Грузии лежит ночная мгла деген өлеңдері мен Бахчисарайский фонтан және Полтава аталатын поэмаларын арнаған. Сері сүйген әйелдердің қатарында да Мариялар (Мария Егоровна Эйхфельдт, Мария Васильевна Борисова, Мария Аркадьевна Голицына) аз болмады. Сондай-ақ, ақын өз қызын әжесі Мария Алексеевна Ганнибалдың есімімен атаған екен. 5.Әлем әдебиеті классикасының теңдессіз туындыларының бірінде Квазимодо, ФролломенФеб есімді кейіпкерлер ессіз сүйген ару кім?Жауабы: Эсмеральда. Виктор Гюгоның Париж Құдай Анасының соборы романы 6.Үш әйелге деген сезімін әңгімелеп келіп, у ішіп қайтыс болатын кейіпкерін әжесі айтқан аңыздағы жаратылысқа балап аяқтайтын шығарма?Жауабы: Ілия Есенберлин Алтын құс 7.Барлық әйел зұлым келеді. Олар тек екі жағдайда жақсы болады: бірі махаббат, екіншісі өлім аузында, деген Паллад сөзімен басталатын әлем әдебиетінің жақұты?Жауабы: Проспер Мерименің Кармен романы 8. 9.Мына өлең жолдары қазақтың қай сұлуының сипаттамасы:Жіңішке сымға тартқан әні қандай,Балауыз балбыраған тәні қандай.Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,Толықсып толып тұрған сәні қандай.Жауабы: Қамар. Торайғыров Қамар Сұлу 10.Бұл қай роман кейіпкерінің сипаттамасы?Ол кезде жасы он сегізге толар-толмас уылжыған қыз еді. Өмір деген өзің талпынсаң болды, бар жақсылығын алдыңа жайып салып тұратын ертегілердегі қайырымды да, данышпан қариялардай боп көрінетін. Барлық тәрбиесі дәулетті шаңырақтың ұл-қызындай, бұл да тек мектеп программасымен шектеліп қалмай, жаратылыс тану,ерте дүние тарихы, музыка пәндері бойынша қосымша сабақ алды. Әкесі аудан көлеміндегі басшысының бірі болып тұрған соң ба, ол өмірдің қабақ шытар өзге мінезінен мүлде аулақ өсті...Жауабы: Қарғын Дулат Исабеков, кейіпкер есімі Бағила Байқау мақаласына102 пікір қалдырылғанымен, бір адамның бірнеше жауап қалдырғанын ескере келе, жалпы саны 59 қатысушы болғаны анықталды. Олардың басым көпшілігінің 6 жауабы ғана дұрыс. 19 қатысушы 7 сұрақ жауабын дәл тапқан. Сонымен, 8 сұрақтың дұрыс жауабын берген 4 қатысушының уақыты бойынша бірінші болып пікір қалдырғанүшеуі жеңімпаздеп таңдалды. Олар: 1. Мырзабай Айдана (15 қаңтар, 21:14) - Алматы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2. Камал Ақерке(15 қаңтар, 22:11) - Алматы, ҚазҰУ, филология факультеті, 4-курс 3. ШеңгелбайМәдина(15 қаңтар, 22:34) - Алматы, ҚазҰУ, филология факультеті, 3-курс Жеңімпаздардан сайтта көрсетілген телефон нөмірлерінің қосулы болуын сұраймыз.Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер19 қаңтар күні, сағат 20:00-де, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 58, Меломан GRAND дүкенінде өтеді. Байқау қорытындысының өз уақытынан кешіккені үшін кешірім сұраймыз.